Қазақстанда осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен 9 бала әлі табылмаған екен. Олар әлі де іздеуде.
Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің порталында жарияланды, дейді Tengrinews.kz.
Жоғалған балалардың ең үлкені – 1987 жылғы. Ең кішісі – 1992 жылғы.
1996 жылы Семейде 5 жасар Ержан Сүйінжанов жоғалды. Оны кезінде күллі Семей болып іздеген. Сол күйі табылмады. Оның әке-шешесі қайтыс болып кеткен, қазір оны туған ағасы Даниал Сүйінжанов іздеуде. Ол 2009 жылы істі қайта көтеріп, балаға тағы іздеу салғызды. Одан еш нәтиже болмай, іс қайтадан архивке кетті.
Бекк Денис Сергеевич, 17.03.1987. 1994 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында жоғалып кеткен. Биыл 31 жасқа келеді.
Нигметов Арыслан Қожагелдіұлы, 29.05.1989. Ол 1997 жылы жоғалған. Нақты қай жерде жүріп жоғалғаны анықталмады. Оны Алматыдағы Бостандық ауданының Ішкі істер департаменті іздестіруде. Биыл жасы 28-де.
Руцкий Сергей Михайлович, 25.08.1988. 1995 жылы Боралдай ауылында жоғалған. Биыл 29 жаста.
Самусь Денис Александрович, 30.05.1988. 1995 жылы Петропавлда жоғалып кетті. Биыл 29 жаста.
Пернебаев Берік Орынтайұлы, 03.07.1989. 1995 жылы Қостанай облысындағы Покровка ауылында жоғалған. Биыл 28 жаста.
Наумова Адалина Андреевна, 10.03.1990. 1995 жылы Ақмолада жоғалған. Биыл 28 жаста.
Елубайтегі Дидар Ділдәбекұлы, 06.11.1992. Жоғалған жері – Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы. Биыл 25-ке толады.
Сергиенко Павел Иванович, 29.06.1990. Ол Ақмола облысында жоғалған. Бұл саланың суреті жоқ. Биыл 27 жасқа келеді.
Семкин Валерий Владимирович, 01.03.1992. 1995 жылы Кентау қаласында жоғалған. Биыл 26 жаста.
https://kaz.365info.kz/shvetsiyada-myndagan-bala-zhogalyp-ketti-307370
Аталған сайтта жақын уақытта жоғалған балалар туралы да мәліметтер бар екен.
Баубек Алтайұлы, 19.03.2012. Бұл бала 2015 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында жоғалып кеткен Содан бері табылмады. Биыл 6 жаста болуы керек.
Нұғман Аюб Ринатұлы, 16.07.2012. Бала Атырауда 2015 жылы жоғалды. Биыл 5 жаста.
Нұртас Нұрдәулетұлы, 08.03.2011. 2013 жылы Талдықорғанда жоғалды. Биыл 7 жаста.
https://kaz.365info.kz/olgender-khajtyp-kele-me-auyldagy-ajdarhan-atanyn-okhigasy-275637