Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар мен қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәлімдеді. 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамға жетті. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. 9 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 189 376 адамға тең.
Биыл тоғыз айда Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келсе, 99,5 мың адам қайтыс болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адам болды.
Туудың ең жоғары деңгейі:
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды. Бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.