Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қазақстанда девальвация болып жатыр” – Мәжіліс депутаты

156

Ол тағы долларсыздандыру саясатын да сынға алды.

Ұлттық банк депозиттерді долларсыздандырып, долларлық депозиттерді 2016 жылдың қаңтар айындағы 70 пайыздан биыл жазда 45 пайызға дейін төмендетті.

Сонда Ұлттық банкке сенгендер алданып қалып отыр. Олардың теңгелері құнсызданып барады.

Бұрын теңге бағамы мұнаймен байланысты деп келді. Наурызда мұнай баррелі 65-70 доллар тұрғанда доллардың бағамы 320 теңге болған, қазір мұнай 72 доллар тұрады, ал теңгенің бағамы – 360 теңге. Бұл дегеніміз, бағам мұнай бағасынан толықтай бас тартты.

Бізге енді федералдық жүйенің саясаты мен антиресейлік санкциялар деп “құлақтан теуіп” отыр.

Сыртта біреу түшкіріп қалса да девальвацияны содан көруді қашан доғарамыз“, – деп қосты Мәжіліс депутаты.

Оның ойынша, қазіргі жағдайда халық пен кәсіпкерлер абдырап тұр.

Валюта бағамының ертең қандай болатынын ешкім білмейтін кезде бизнес қалай келісімшарттар жасаспақ? Халық та әне-міне болады деген девальвациялар мен инфляцияны күтіп отыр. Импортқа тәуелді елміз. Әрбір девальвация бізде инфляцияны күшейте түседі. Біз бәрін өзі өндіретін Түркия да емеспіз, Ресей де емеспіз. Олар ғой, импорттың орнын өз өндірісімен алмастыра алады“, – дейді депутат Жамалов.

Депутат жағдай қиын дейді.

Әлсіз бағам елдің бәсекеге қабілетін арттырады дейді.

Бірақ Қазақстан сыртқа шикізат сатқаннан басқа несімен бәсекелес? Енді бюджеттік бағдарламалар тоқтап қалуы мүмкін.

Бюджетті бір доллар 340 теңге деп есептеп қойғанбыз. Ұлттық банк өз міндетін орындай алмады, алмайды да. Қазір бизнестен бастап барлығымыз девальвация болады деп күтіп отырмыз, спекуляциялық сипат өршіп тұр. Қазіргі жағдайда шұғыл да нақты бір шешімдер керек“, – деді депутат.

  • Соңғы жаңалықтарда доллар бағамы 363 теңге болды делінеді.

Tengrinews.kz
https://kaz.365info.kz/kharataban-khazakhkha-khyz-bermejmiz-khozhalar-khazakh-balasy-ajbarga-khyzyn-bermej-khojgan-327140

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз