18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
27
USD
385.42
+0.26
EUR
424.58
-1.37
RUB
6
-0.01

Қазақстанда биыл жаппай қысқартулардың толқыны жүреді

2018 жылы еліміздегі 600 ірі кәсіпорын цифрландыру бойынша бірқатар жобаны жүзеге асырып, жұмыс орындарын жаппай қысқартады. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

«Бір жағынан, біздің экономика мен біздің кәсіпорындар үшін бұл өте жақсы мүмкіндік. Бірақ, екінші жағы – цифрландырудан кейін жұмыс орындары қысқаратын болады. Біз – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді жұмыссыз қалған адамдардың немен айналысатынына бас ауыртуымыз керек», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, қысқарту жүргізетін 600 кәсіпорынның барлығы да «Жол картасын» әзірлеп қойған және сол бойынша қысқарған жұмысшылардың мәселесін шешумен айналысатын болады.

«Біз алдын ала бақылаймыз: қай кәсіпорында роботтандыру, цифрландыру процесі жүріп жатқанын. Мұнан кейін босап қалған жұмысшыларды тиісті орындарға жіберіп, жұмыс табуына көмектесеміз. Біздің зерттеуіміз бойынша, қысқарып қалған жұмысшылар саны жаңа ашылатын жұмыс орындарынан көп болмайды, сондықтан проблема болмайды деп ойлаймыз. Болжам бойынша 2018 жылы жаңа 700 мың жұмыс орны ашылады», – дейді Әлтаев.

Дереккөз: sn.kz