Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда бірыңғай аграрлық салық енгізу ұсынылды

133

Форум аясында ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) дамыту мәселелері бойынша «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік, диалог және жауапкершілік» атты республикалық конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ шара аясында ауылдық ҮЕҰ Коалицияның құрылтай конференциясы мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту бойынша диалог алаңы өткізілді.

Аталғандармен қоса агроөнеркәсіп кешенінің салалық, аймақтық және инфрақұрылымдық бағдарламалары, аграрлық ғылым мен бизнесті біріктіру бойынша бірқатар сессиялар ұйымдастырылды.

Жерді тиімді пайдалану бойынша сессияда модератор ретінде Мұхтар Тайжан сөз сөйледі.

Қоғам белсенділерінің бастамашыл тобының атынан сөз сөйлеген ол тек Қазақстан тұрғындары үшін жекеменшік мүлік институтының орнына жалға алу институтын енгізуді, бірыңғай аграрлық салықты орнатып, жерді жерсерік арқылы бақылауды заңдастыруды ұсынды. Жиналғандар оны толық қолдады.

Шараны қорытындылай келе, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бисенғалиев ҚР Жер кодексіне енгізіліп отырған түзетулер қоғам белсенділерінің қатысуымен және жазылған шараларды кезең-кезеңмен іске асыру арқылы өтетінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз