Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда билет алып-сатарларын қатаң жазалау ұсынылды

244

Алып-сатарларды жазалауды күшейту қажет, деді кеңес барысында “Қазақстан темір жолы” АҚ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, деп жазады Zakon.kz.

– Алып-сатарлар билет сататын жекеменшік агенттіктермен жең ұшынан жалғасып отыр деп ойлаймыз. Бізде теміржол билеттерін сататын 244 касса бар, ал тағы 500-ден астам касса – жекменшік агенттіктердікі. Билеттерді сатып алып, сосын қайта сататын солар. Алып-сатарлардың жазасын күшейтуден басқа амал жоқ, басқаша тоқтата алмаймыз оларды, – деді Әлмағамбетов.

Ол 1 шілдеден бастап компаниялардың “Мобиус” жүйесіне көшкенін еске салды.

– Ескі “Экспресс” автоматты басқару жүйесінде солқылдақ тұстар көп болған. Ал жаңа “Мобиус” жүйесінде билеттерді заңсыз сату әрекеттеріне тосқауыл қою мүмкіндігі бар. Бұрын алып-сатарлар сұранысы жоғары болатын бағыттардың билеттерін 45 күн бұрын сатып алатын. “Мобиус” жүйесі жылдам арада қайта сатуға мүмкіндік бермейді, – деп түсіндірді “ҚТЖ” басшысының бірінші орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз