Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда бейнебаян түсірген шетелдік өнерпаздар

434

Rag’n’Bone Man

«Skin»

https://www.youtube.com/watch?v=1Al-nuR1iAU

Рори Грэм (әртістің шын аты) Тұманды Альбион тумасы. Skin — оның тұңғыш альбомының үшінші синглі.

Бейнебаян Шарын шатқалының маңында түсірілген. Режиссер Грег Девенпорт, айтуынша, Қазақстанда қандай да бір дүние түсіруді бұрыннан ойлап жүрген және сондай мүмкіндік туғанда, сөзсіз, пайдаланып қалған.

Айтпақшы, бейнебаянның бас жағы Алматы түбінде түсірілді.

Pink Floyd

«Louder than Words» 

Күтпеген жағдай, солай ма?

Louder than Words — аңызға айналған рокерлердің он бесінші студиялық альбомының соңғы трегі.

Бейнебаянның режиссері британдық Обри Пауэлл болды, ал бейнебаян Арал теңізіне жақын жерде түсірілген.

Noize MC feat. Монеточка

«Чайлдфри»

Клипті Қазақстанның ең танымал клипмейкері — жас, бірақ өте талантты Айсұлтан Сейітов түсірген.

Бейнебаян Оңтүстік астанада түсірілгендіктен, барлығы таныс болып көрінетіндей.

Mujuice

«Hurt»

Роман Литвинов (әртістің шын аты) бұл бейнебаянды өзі түсірген.

Қазақстан музыкантты өзінің сұлулығымен тәнті еткен. Бұл клип те Алматы маңында түсірілген. Дәлірек айтқанда, ҮАК маңайында. Сонымен қатар, Шарын шатқалы да бұл бейнебаянның сәнін келтірген.

Элджей

«Suzuki»

Бұл жолы Медет Шаяхметовтың жұмысы — ол Скриптонит үшін де, Feduk үшін де, Егор Крид үшін де бейнебаян түсірген танымал клипмейкер.

Элджей де кезекті жұмысына Медетті шақырған.

Локация тағы да Алматы. Музыкалық туындының құндылығы күмән тудырса да, бейнебаян өте жақсы шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз