Қазақстанда баспананы апаттан міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет халықты табиғи апаттан қорғауға бағытталған тиісті заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Бұдан былай халықты апаттан қорғау бойынша заң жобасын әзірлеумен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айналысады.
Биылғы су тасқынынан кейін ерікті сақтандыру бірден 77% өскен. Үйді сақтандыру бойынша Астана көш бастап тұр. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 15%-дан аспайды. Өңірлерде тіпті 1%-ға да жетпейді.