Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда айлық жалақы 9,1 процентке өседі

101

Бұл мақсатқа үш жыл ішінде 288,9 миллиард теңге немесе жыл сайын 96,3 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр”, — деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 85,8 миллиард теңге 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысын көтеруге бағытталса, 10,4 миллиард теңге жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін толықтыруға жұмсалады.

“Қосымша шаралар қабылдаудың арқасында экономиканың барлық саласы мен секторында орташа айлық жалақы 9,1 процентке өседі. Бұл инфляцияны есепке алғандағы нақты өсім”, — деді министр.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға (БЖК-2020 бағдарламасы бойынша) үш жылда 90 миллиард теңге немесе жыл сайын 30 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті 5 қазанда жариялаған жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметке ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырған болатын. Сондай-ақ,  бюджет саласы жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз