Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
3
USD
452
0.00
EUR
492
0.00
RUB
5.86
0.00

Қазақстанда 2020 жылға дейін 2269 тұрғын үй жөнделеді

Осы заң жобасы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының 3 кодексі мен 12 заңына өзгеріс енгізу көзделген», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасын әзірлеу үшін министрліктің бұйрығына сәйкес, 55 адамнан құралған жұмыс тобы жасақталды. Оның құрамына тұрғындар, заң шығару институтының сарапшылары, «Атамекен» ҰКП, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы, тәуелсіз қауымдастықтардың, бизнес-қоғамдастық өкілдері, т.б. кірді.

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сүйенсек, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны – 78 657 болса, соның 53 089-ының жағдайы көңіл көншітерлік. Ал 20 437 тұрғын үйді күрделі жөндеуден шығару қажет. Тағы 2 176 үй апаттық жағдайда тұр», – деді ол.

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 2 669 үй, қайтарылатын қаражаттарға 489 үй жөнделеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз