Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан жастар конгресі жастар туризмін дамытуға кірісті

533

«JASTAR KERÝENI» — Жастар жылының аясында Қазақстанның белсенді жастарын ынталандыру мақсатында іске асырылып отырған республикалық жоба. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту идеологиясы.

Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовтың айтуынша, іс-шара «Қазақстан жастар конгресі» ЗТҚНБ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асып отыр.

Аталмыш жобаға тіркелу шілденің 22-сі күні аяқталып, нәтижелері 25 шілдеде шығады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың айтуынша, «JASTAR KERÝENI» ‒ Жастар жылына жоспарланған 89 жобаның ішіндегі ең ірілерінің бірі.

Жобаның ірі болуының себебі –

«JASTAR KERÝENI» форумы Қазақстанның барлық аймағынан жастар жиналып, 7 бағыт бойынша тегін саяхат жасауы

Жастармен қоса әрбір аймаққа танымал блогерлер, вайнерлер және актерлер саяхат жасайды.

«JASTAR KERÝENI» 13-19 тамыз аралығында өтетін болады. Осы уақытта қатысушыларды тарихи жерлерге, музейлерге, зауыттарға қызықты экскурсиялар, көптеген мәдени іс-шаралар күтеді.

Сонымен қатар, брифингте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы – Батима Мукина және «JASTAR KERÝENI» жобасының бренд-амбассадоры – блогер әрі шоумен – Ғани Ажикенов жастар туризміне қатысты көкейкесті мәселелерді сөз етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз