Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Қазақстан Жапонияға мұнай сатып, орнына автокөлік алады

168

Қазақстанның Жапонияға экспорты 24 пайызға қысқарса, импорт 33 пайызға ұлғайған, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS қаржы агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан пен Жапония арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 983,6 млн. долларды құрады. Бүгінгі күні экспорт деңгейі 597,8 млн. долларға жетті. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4 пайызға кем.

Ал Жапониядан тасымалданатын импорт 2018 жылдың жеті айымен салыстырғанда 33,6 пайызға артты. Өсімге қарамастан импорт көлемі экспорттан төмен және 2019 жылдың жеті айында 385,8 миллион долларға жеткен.

Сонымен бірге Жапониядан жеткізілетін экспорт тауарлары әр түрлілігімен ерекшеленді. Атап айтар болсақ, Қазақстанға автомобильдер мен олардың қосалқы бөлшектері, қара металдан жасалған құбырлар, сырғыштар, медициналық және электр жабдықтары, шиналар, жүк көліктері және кеме крандары жеткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз