Қазақстан халқы бүгін, 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнінің 73-жылдығын атап өтуде. Барлық қалаларда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Дәстүр бойынша, осы күні өткізілетін шаралар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен және соғыста қаза тапқандарды еске алумен басталады.
Дәстүрлі түрде осы күні Елордада және Қазақстанның басқа да қалаларында «Өлімсіз полк» маршы өтеді.
Айта кетейік, бес жылға созылған сұрапыл соғыс алаңында шамамен 1 миллион 800 мың қазақстандық шайқасқан. Майданнан аман-есен оралған жүздеген мың отандастарымыз ордендер мен медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанып, 110 адам Даңқ орденімен марапатталды. Алайда, 630 мың жауыргер соғыс кезінде қаза тапқан, жоғалған және тұтқыннан оралмаған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні елімізде Ұлы Отан соғысының 2 776 ардагері мен 157 679 тыл еңбеккері өмір сүреді.