Қазақстан цемент экспортын рекордтық көлемге дейін ұлғайтты, бұған өндірістің өсуі, ішкі нарықтағы қажеттіліктің төмендеуі және Өзбекстандағы сұраныстың өсуі ықпал етті. Көрші республикаға әрбір жасалған 1000 цемент қабының 135-і кетеді.
Экспорттың өсуімен бірге негізгі өткізу нарығы да өзгерді
Соңғы жылдары цемент көбіне Ресейге сатылған болатын. Дегенмен, 2018 жылы бағыт Орта Азияға ауысты. Егер РФ-ға экспорт 11 айда 217,8 мың тоннаны ($11,6 млн) құраса, Қырғызстан 261,8 мың тонна ($12,1 млн) сатып алған, ал Өзбекстан 1,3 млн ($65,1 млн) әкелген.
Дәл осы Өзбекстан қазір негізгі сауда серіктесі болып тұр, оның нарыққа шығуы Қазақстанға тұңғыш рет цементті нетто-экспорттаушы болуға мүмкіндік берді. 2018 жылдың 11 айында көршілерге соңғы 5 жылғыдан 2,8 есе артық өнім сатылды.
Экспорттың өсуі өндірістің артуына байланысты болып отыр. 2018 жылы Қазақстанда 9 млн 912 мың тонна цемент өндірілді. Өсім соңғы 4 жылда артып келеді және қазір ең жоғары деңгейде. Шілде айында 1,21 млн тоннадан астам өнім өндірілді, бұл да рекорд болып табылады.
Бұл ретте ішкі нарықта цементке сұраныс төмендеді
2018 жылдың 11 айында Қазақстанда 8 млн 582,9 мың тонна цемент сатылды. Осылайша, Қазақстанда өндірілген әрбір 1000 қаптың 185-і шетелге, оның 135-і Өзбекстанға сатылды.
Қазақстанда цемент жергілікті тұтынушыларға қажетті мөлшерден әлдеқайда көп өндірілетініне және оны шетелге сату қарқынды өсіп жатқанына қарамастан, шетелдік өнімдер азаймай тұр.
2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанға цемент импорты 860,2 мың тоннаны құрады. Бұл 2017 жылдың көрсеткіштеріне сай ($47,2 млн-ға 871,4 мың тонна) және 2016 жылға қарағанда айтарлықтай көп ($32,1 млн-ға 617,9 мың тонна).
Қаңтар-қарашадағы импорт көлемі орташа айлық өндіріске сай.
Іштегі өндіріс мөлшері республикаға әкелінген өнімнің мөлшерінен 11 есе артық.
Цемент импортының нарығын 5 жыл бойы екі ел бақылайды. Ресейліктер 2018 жылдың 11 айында Қазақстанға 559,3 мың тонна ($31,9 млн), ирандықтар – 292,1 мың тонна ($10,9 млн) сатқан. Жекелеген партиялар Польша, Беларусь, Германия, Қытай және басқа да бірқатар елдерден әкелінеді, бірақ олардың жиынтық үлесі тым аз.