Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
17
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Тәжікстанға 1гектар жер жалға бермек

Заңды депутаттарға Қайрат Әбдірахманов таныстырды.

«Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу жер телімдерін өзара беру туралы келісімге Астанада 2010 жылы қол қойылған. Бұл келісім – екі елде дипломатиялық өкілдердің болуы және жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ететін маңызды құжат. Келісімге сәйкес, тәжік тарапы бізге Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы И. Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық қалашықтағы жалпы алаңы 1 гектар жер учаскесін беретін болады. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылына 1 сомони мөлшерінде жалдау ақысы төленеді», – деді министр.

Осы орайда ведомство басшысы Тәжікстанға Астанадағы қай көшеден жер учаскесі берілетінін айтты.

«Қазақстан тарапы тепе-теңдік негізінде тәжік жағына Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан жалпы алаңы 1 гектар жер телімін бөледі. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылдық ақысы 1 теңге», – деді Қайрат Әбдірахманов.

Тиісті талқылаудан кейін Мәжіліс депутатты аталған заң жобасын мақұлдады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз