Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан табысты экономикалардың қосалқысына айналуы мүмкін – саясаттанушы

211
фото: glagoliza.com

Қазақстанның мәселесі мынада: жаһандық сахнада біз түрлі салада, соның ішінде экономикада өз тәуелсіздігін біртіндеп жоғалтқан әлсіз ойыншыларға жатамыз .

Нәтижесінде Қазақстан 90-шы жылдары уәде еткендей жаңа азиялық емес, қағаз жүзіндегі жолбарыс болып шықты. Одан да жаманы, қымбатқа сатуға болатын шикізатымыз болса, басқарушылардың құзыреті енді маңызды емес болып қалды.

Имитация ойыны

Осы жылдар ішінде қазақстандық экономиканың дамуына уақыт пен ресурстарды алған сыбайлас жемқорлық кедергі келтірді. Және басты ойыншы адал кәсіпкер немесе өндіруші еме, шенеунік болған тиімсіз бюрократиялық аппарат. Экономиканың алға басуына жиендерінің, күйеу балалары мен қыздарының арасында бәсекелестіктің болмауы кедергі келтірді. Сондай-ақ, тек қағаз түрінде айтылған, бірақ бәрібір де соңына жеткізілмеген көптеген елді дамуға арналған бағдарламалар кедергі келтірді.

Нәтижесінде, 30 жылдан кейін біз болашақта үлкен және табысты экономикалардың қосымшасына айналу қаупін бастан кешіріп, күн астындағы орын үшін күреске дайын емес болып шықтық.

Экономист Рахымбек Әбдірахмановтың пікірінше, біз “саналы азаматтардың” елден кетуі есебінен 50 миллиард доллардан астам қаражатты жоғалтып алдық.

Біз әлі де инновациялық дамуға ұқсатып өзімізді алдайтын болсақ, қымбат уақытты жоғалтамыз, өйткені басқа әлем тоқтап тұрмайды. Біз мұнай мұнараларының айналасында тыпырлап жүргенде,

басқа елдер Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыруда, оның өнімдерін біз жақын арада импорттай бастаймыз

Қазақстанға бәсекеге қабілетті зияткерлік, саяси және экономикалық орта ауадай қажет, онда ауқымды “әлеуметтік баспалдақ” болуы және өсу үшін қажетті жасанды шектеулер, оның ішінде ғылыми-инновациялық шектеулер болмауы тиіс.

Мемлекеттің мүддесін жеке қызығушылықпен шатастырмау ерек

Айтпақшы, кейбір сарапшылар мемлекетте сананың шынымен бағаланатын индикаторларының бірі патенттік статистика деп санайды. Ол мемлекеттің инновациялық және технологиялық даму деңгейін көрсетеді. Ғылыми және техникалық патенттер саны бойынша Қазақстан көптеген елдерден едәуір артта қалып отыр.

Бірақ әлемде перифериялық немесе жартылай перифериялық мемлекеттер көшбасшы болған кездер көп болды. Жапония, Пак Чон Хи кезіндегі Оңтүстік Корея, Ли Куан Ю дәуіріндегі Сингапур, Тайвань және басқа да азиялық жолбарыстар.

Осындай табыстарға қол жеткізудегі негізгі факторлардың бірі елдің ұлттық жаңғыруын өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қойған мемлекетті қызметкерлердің билікте отыруы болды.

Сондай-ақ бізге де мемлекеттік басқарудың жаңа стилі қажет, онда “шикізаттық сана” жоқ және билік басындағыларда өз болашағы және өз балалары мен немерелерінің болашағын гүлденген және технологиялық дамыған Қазақстанмен байланыстыра алған кезде ғана ұлттық жаңғыру бола алатыны туралы нақты түсінік болуы тиіс.

Жіберіп алған мүмкіндіктер туралы

Айтпақшы, кейбір экономистер Тайваньның экономикалық дамуының сәтті мысалдарының бірі – ол әртүрлі жобаларға шашырамай, негізгі жобалардың біріне назар аударуы деп санайды. Атап айтқанда, компьютерлік чиптер өндірісінде әлемдік өндірушілердің бірі болуы.

Жаһандық экономика тұрғысынан алғанда Қазақстан да маңызды орынға ие бола алар еді. Бұл инновациялық технологиялар және баламалы энергия көздері мен энергия үнемдейтін технологияларды әзірлеу және тестілеу саласындағы стартаптарға қолдау көрсету. Шын мәнінде, ЖЭК әзірлеудегі Кремний алқабының аналогы бола отырып, әзірлемелерді экспорттау және осы перспективалы сегменттегі ғылыми және техникалық патенттердің санын көбейту.

Мұнда Pinemelon.com басқарушы директоры әрі nFactorial School негізін қалаушы Арман Сүлейменовпен келісуге болады, ол келесі триллион долларлық компания (Apple-ден кейін) климаттық өзгерістерге бейімделуге көмектесетін инновациялық өнім өндіруші болады деп есептейді.

P.S.:

Бірақ егер Қазақстан осы сын-қатерлерге бейімделе алмаса, онда бүгінгі климаттық өзгерістер кедейліктің өсуіне алып келеді, азық-түлік қауіпсіздігі мен денсаулыққа қатер төндіретін болады. Олар жаңа аурулардың пайда болуына әкеледі, көші-қон ағындарына әсер етеді, экологиялық босқындардың санын көбейтеді және су ресурстарына бәсекелестікті күшейтеді. Мұның бәрі елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа әсер етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз