Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан Президенті алғашқы сапарын неге Түркістан өңірінен бастағанын айтты

188
tengrinews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне сапарын елеулі, әрі маңызды болғанын атап өтті. Ол Президент ретінде алғашқы іс-сапарын осы қастерлі мекеннен бастап, ата-баба аруа­ғына, аманатына деген құрметін жеткізгісі келген.

“Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қа­былдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер” – деді Президент.

“Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруа­ғына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәс­түрге, эволюциялық даму сабақтас­тығына деген адалдықта жатыр. Мұндай сакральды ұғым-түсінік пен дәстүрге адалдық тек өркениетті, өсіп-жетілген ұлттың ғана қолынан келеді деп ойлаймын” – деп қосты Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымыздың Түркістан облысын құрып, өңірге киелі мекеннің атын беруін та­рихи әділеттілік екенін атап өтті. Бұл мемлекеттің іргесін мығымдап, жалпыұлттық сәйкестік пен береке-бірлігімізді еселеп нығайтуға ықпал етті деп есептейді.

Мемлекет басшысы ендігі мәселе Жібек жолы бойында жатқан Түркістан қаласын, өңірін жаңартып-жаңғырту, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, туристік саланы жандандыру, өндірісті өркен­детуді қолға алу керегін атап өтті.

“Оның үстіне, оңтүстік өңір – еліміздегі тұрғындар саны ең көп аймақ. Осы өңірді ұлтымыздың «демографиялық алтын діңгегі» десек те жарасады. Ал адам капиталы біз сияқты жері кең, елі шағын мемлекет үшін аса өзекті фактор екені айтпаса да түсінікті. Сапар барысында мен облыстың даму жоспарымен, жалпы жағдайымен мұқият таныстым. Алда атқарылатын шаруа бастан асады. Ол шаруалардың барлығын асықпай-аптықпай, жүйелі, кешенді түрде атқаруы­мыз өте маңызды” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз