Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан мен Ресей ғалымдары жаһандық жобалар үшін бірігуде

Ресей ғалымдарымен бірлесе отырып, жобаларды жүзеге асыру Қазақстан ғылымын дамытудағы жаңа қадам болмақ.

Ғалымдар бірігуде

— Жұмабек Шабдернамұлы, Еуразияның Халықаралық ғылым акдемиясымен (IEAS) әріптестік туралы толығырақ айтып өтсеңіз…

— Еуразияның Халықаралық ғылым акдемиясы (IEAS) — Еуразия континентіндегі елдердің мүддесі үшін өмірлік маңызды мақсаттарды бірлесіп шешу үшін беделді ғалымдарды, мәдениет және өнер қайраткерлерін біріктіретін қоғамдық ұйым.

Академия 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда оның президенті академик Валерий Бондур. Ресей ғалымдарының ұсынысы бойынша, мен де осы ұйымның академигі атандым.

Соңғы жылдарда ресейлік ғалымдар жаһандық жобаларды дайындау бойынша Қытаймен және басқа елдермен арадағы ынтымақтасты жандандырды,

оның ішінде, «Жібек жолы» жобасының аясында.

Біз

Қазақстан да шетте қалмауы керек деп шештік, сөйтіп, «Еуразия» ғылым академиясының қазақстандық ғылыми орталығын құруды жөн көрдік.

Осылайша, аталмыш ғылым академиясының бөлімшесі іспетті болдық. Оның құрамына Қазақстанның 15 ғалымы кірді, ал мен қазақстандық ғылым орталығының президенті атандым. Айтпақшы, ол қыркүйектің 12де тіркеуден өтіп, ресми куәлік алдық.

Бірлескен бағдарламалар

— Ресей ғалымдарымен бірге қандай жобаларды жүзеге асыратын боласыздар?

— Біз ресейлік әріптестерімізбен бірге ғарыш технологияларымен айналысатын болғандықтан, бірқатар кешенді жобаларды құру бойынша ортақ мүдделер пайда болды.

Олар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы апаттарды, оның ішінде, шекаралық облыстарда, болжау мақсатында жер қабығын зерттеуге бағытталған.

Оның құрамына өртке қауіпті аймақтарға және су тасқыны болу ықтималдығы жоғары жерлерге мониторинг жүргізу де кіреді. Соңғы жылдарда спутниктік геодезиямен, алыстан зондтауға байланысты жаңа технологиялар шықты. Ал интерферометрия негізінде — екі түсірілімнің фазалық ақпараты бойынша рельеф биіктігін шығару технологиясы пайда болды.

Сурет finobzor.ru сайтынан алынды

Бұл технологиялар әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде, Ресей мен Қазақстанда да дамып жатыр.

Біз Қытай және Ресей тараптарымен бірлесіп жасауды жоспарлап отырған бірінші жоба —

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық облыстың Талдықорған қаласы маңындағы геодинамикалық полигон.

Бұл бізге бірлесіп, табиғи апаттарды зерттеуге, оларға мониторинг және болжам жасауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, жер сілкіністерін зерттеуге.

Сонымен қатар, бізде ерекше назар аударуды талап ететін трансшекаралық өзендер бар.

Радиополигон «Орбита» және ТШАО

Бизнеспен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық

— Қазір сіздердің жобаларыңызға бизнес-құрылымдар қызығушылық танытып отыр ма?

— Орынды сұрақ. Әдетте, бизнес бірден нәтиже беретін жобаларға қызығушылық танытады. Негізінен мұнай, көмір, кеніш өндіретін компаниялар пайдалы қазбаларды өндіріп, табыс табуға бағдарланған. Ал жаңа кеніш орындарын барлауды барлығы әлдеқашан естен шығарған-ды.

Сондықтан

президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кеніштерді барлауды қайта жандандыру туралы тапсырма берді.

Қазіргі кезеңде біз компаниялардың бірімен көмірсутегінің тереңдегі кенішін іздестіру бойынша қызметтесуді мақсат тұтып отырмыз. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

— Сіздер әкімдіктермен және министрліктермен бірлесіп жұмыс істейсіздер ме?

— Алматы әкімдігімен бізде ғарыш және жер үсті технологияларын пайдалана отырып, ғимараттар мен құрылымдарға, өнеркәсіп нысандарына мониторинг жасау моделін дайындау туралы келісім бар. Біз ол жобаны жүзеге асырсақ, құрылымдардың — мейлі, ол метро, трамплин немес көпір болсын — ахуалына және тұрақтылығына сыртқы жағдайлардың қалай әсер ететінін түсінетін боламыз. Сөйтіп, математикалық есептеулердің негізінде ұсыныстар беретін боламыз.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов әрқашан «біздің толқында»: біздің ұсыныстарымызды тыңдайды, олардың мазмұнын түсінеді және қолдайды. Министерлік жаңа технологияларды жасауға мүдделі.

Ионосфера институтының Орбита” радио-полигонындағы Күн сәулесі белсенділігін зерттеуге арналған радиотелескопы (теңіз деңгейінен 2750 метр биіктікте)

Гранттар және космонавтика

— Қазіргі таңда Ионосфера институты қалай қаржыландырылуда?

— Біздің институт мемлекет гранттарына ие болу үшін конкурстарға қатысады. Конкурстарды ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткізеді.

Біз бірнеше ірі жобаға қатысуды жоспарлап отырмыз. Олардың бірі ғарышкер Айдын Айымбетовтың 2015 жылы ғарышқа ұшуымен байланысты.

Ол кезде біз біз ғылыми бағдарлама жасаған едік, біздің ғарышкер сол бағдарламамен планетаралық ғарыш станциясына ұшып барды. Ол станция бортында біз дайындаған сынақтарды орындағаннан кейін, оның жердегі бөлігін жүзеге асыру қажеттілігі қалған болатын.

Олардың қатарына бірегей азық-түлік түрлерін дайындау, экстремалды жағдайда, ұзақ мерзім ұшу кезіндегі адам ағзасына келтірілетін әсерлер мен қасиеттерді зерттеу, сонымен бірге, жаңа бірегей материалдарды дайындау жатады.

Екінші жоба күн және ғарыш сәулелерінің қауіптілік әсерінің, жердің магнитосферасының, ионосфералық бөлігіндегі өзгерістер мониторингіне байланысты.

Қарапайым тілмен айтқанда,

біз ғарыштағы ауа-райының бүкіл борт кешеніне және жер бетіндегі құрал-жабдыққа қалай әсер ететінін зерттейміз.

Технологиялар мен кадрлар

Ұтып алынған жобаларға келетін болсақ, біз қазір ауыл шаруашылығы министрлігі үшін қашықтықтан зондтау, интерферометрия және GPS-технологияларды енгізу бойынша ірі жоба жасап жатырмыз.

Көптеген грант жобалары үш жылға арналған. Жалпы, біздің институт тоғыз жоба ұтып алды.

Олардың көпшілігі жер қабығын зерттеуде ғарыштың жер үсті технологияларын пайдаланумен байланысты.

– Ал кадр мәселесі қалай шешілуде? Оларды қай жерде дайындайды?

— Ионосфера институтының кадр құрамы мәлімденген салаларда көп жылдық тжірибесі бар, кәсіби біліктілігі жоғары мамандардан тұрады.

Олардың ішінде 2 академик және Еуразия халықаралық ғылым академиясының 2 ассоцияланған академигі, 5 ғылым докторы;

Олардың бірі ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі;

5 профессор, 3 PhD доктор,

20 ғылым кандидаттары, олпардың 6 доцент,

8 ғылым магистры, олардың 8 PhD докторанттары бар.

Атқарушылар командасында Еуразиялық Астрономиялық қоғамның (ЕАҚ) жеті, Еуропалық Геодезиялық одақтың (EGU) бес мүшесі, Қазақстандағы халықаралық «International Space Weather Initiative» бағдарламасының бір үйлестірушісі бар.

Институтта физика-математика мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген және геофизика бойынша әлемдегі озық орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өткен жас мамандар (қызметкерлердің жалпы санының 40%) еңбек етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз