ҚР Парламенті Сенатына Польша Сенаты төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған осы елдің парламенттік делегациясы келді, деп хабарлайды Baq.kz.
ҚР Парламенті Сенатына Польша Сенаты төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған осы елдің парламенттік делегациясы келді, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Польшаға алғыс айтты. Қазіргі кезде көрмеде балама энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы әлемдік технологияның үздік үлгілері көрініс тапқан.
Қазақстан Сенаты төрағасының орынбасары меймандарды жоғарғы Палатаның конституциялық өкілеттіктерімен және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың келешегі талқыланды. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.
Мария Коц қос ел арасында қол жеткен өзара түсіністік деңгейін жоғары бағалады және Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық диалогты жалғастыру қажеттігі туралы айтты.