Қытайға 1,7 мың тонна астық тиелген Қазақстанның алғашқы контейнерлік пойызы жөнелтілді.
Бұл туралы “ҚТЖ – Жүк тасымалдары” баспасөз қызметі хабарлады.
Пойыз 8 желтоқсан күні Атбасардан Сианьға қарай жолға шыққан. Оның құрамында 82 контейнер бар.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, темір жол құрамы қазақ-қытай шекарасындағы Достық станциясына жөнелтілгеннен кейін межеленген жеріне 36 сағатта жетеді.