Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Қытайдан тағы несие алғалы жатыр. Бұл жолы 2 млрд юань…

679

2,06 млрд юань жеңілдетілген несиені алу тәртібін жақын күндері Мәжіліс қарап, белгілейтін болады.

Мәжіліске Бақытжан Сағынтаев қол қойған „Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Қытай ұсынған жеңілдетілген несиесі туралы жапсарлас келісімді раификациялау жөніндегі„ заң жобасын қарау ұсынылған.

Бұл келісімге сәйкес, Қытайдың Экспорт-импорт банкі 2,062 млрд юань көлемінде Қазақстанға жеңілдетілген несие береді (шамамен 108,7 млрд теңге немесе 297,1 млн доллар). Бұл несиені Қаржы министрлігі алады. Министрлік бұл ақшаны Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан аумағында орналасқан кедендік шекараларын, өткізу пункттерін техникалық жағынан қамсыздандыру және жаңарту үшін пайдаланады.

Несие 20 жылға арналғанмен оның жеңілдіктері 5 жылға жарамды екен. Несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2 процент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз