Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан Қытайдан $300 млн қарыз алмақшы

464

Қарыз жеңілдетілген шарттар бойынша беріледі. Қаражат шекарадағы өткізу пунктерін жаңғыртуға бағытталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Келісімге сәйкес, Қытай банкі жеңілдікті кредитті жылдық ставкасы 2 процентпен 20 жылға береді. Бұл ақшаға Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекарада орналасқан 10 өткізу бекетін, оның ішінде 9 автокөлік және 1 теміржол пунктін жаңғырту көзделіп отыр.

“Өткізу пунктері құлағалы тұрған жоқ. Қазір біздің кедендік өткізу пункттері тәулігіне 450 көлік қана өткізуге қабілетті. Біз осы қабілеттілікті 5400  автокөлікке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніміз бюджетке қосымша салық, екіншіден, Қазақстанның транзиттік хаб ретінде әлеуетін ұлғайтады”, – деді Смайылов мәжіліс кулуарында.

Министр Қытай алдында бұдан бөлек мемлекеттік қарыз жоқ екенін атап өтті. Тек қаржы министрлігінің берілген кепілдіктері бар.

“Мемлекет тарапынан Қытайдан кредит алынған жоқ. Бірақ қаржы министрлігі берген кепілдіктер бар, яғни миллиард 200 миллион доллар шамасында. Бұл Қытайдың Эксимбанкінен және Қытайдың мемлекеттік даму банкінен автожол жобаларын іске асыруға тартылған кредиттермен байланысты”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз