Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан қысқы Универсиаданы өткізу үшін 109 млрд теңге жұмсаған – блогер

Универсиада өз шығынын жаба алады ма деген сауалға Алекс мынандай мысал келтіреді:

„Универсиада кезінде Алматыға 5 мың қонақ келеді деп күтілген. Онда да бір шетелдіктің бір күндік шығыны 245 долларды қамтиды делік. Қонақ Алматыда орташа есеппен 5 күн болады. Бүгінгі күннің курсымен есептеп жіберсек, 2 млрд теңге шыға келеді. 109 млрд – шығын, 2 млрд – пайда. Сұмдық тиімсіз ғой!„.

Дегенмен бір қаржыгер менің көңілімді көтеріп тастады дейді ол. Оның айтуынша, 109 млрд теңге шығын емес, тек жұмсалған ақша.

– Ол ақша қандай да бір шетелге ағылып кеткен жоқ. 109 млрд теңгеге Алматыда нысандар тұрғызылды, 30 мыңнан аса адам соның арқасында жұмыспен қамтылып, жалақы алды. Әрине, бұл ақша жұмсаудың ең тиімсіз тәсілі. Онда бұл ақшаны қайда жұмсау керек еді? Қандай да бір индустриальдық бағдарламаларға ма? Ел естіп-білмеген жобаларға ма? Оның жанында бұл жақсы ғой. Ең құрымағанда, балаларымыздың спортпен шұғылданатын жерлері бар дегендей„, – дейді ол.

Расымен де бұл сөздің жаны бар, иә…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз