Туризм және спорт министрі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары спортшыларын шығарып салу салтанатына келді. Спортшыларды шығарып салу салтанатына грек-рим күресінен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, боксшы Ермахан Ыбрайымов, жүзуден Сидней олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин, жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Карпов келді.
XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылғы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан 80 спортшы 25 спорт түрінен 81 медаль жиынтығын сарапқа салады.
«Жеңіл атлетика 8 лицензия ұтып алды. Споршыларымыз жеке бапкермен дайындалды. Олимпиадаға жолдама алу әрбір спортшы үшін үлкен жетістік. Бізде легионер жоқ, барлық спортшылар Қазақстандық, біз оларды 15 жасынан дайындап келеміз. Мен әрқайсысына өзіме сенгендей сенемін. Споршыларға ауа-райы басқа да жағдайлар әсер етпейді. Диванда отырып сынаудың қажеті жоқ, әр жылда рейтинг жоғарылауда. Осы Олимпиада спортшылардың 4 жылдық еңбегін көрсетеді», – деді бас бапкер Дмитрий Карпов.
Олимпиадаға бір ай қалғанда жүзуден 2 лицензияны Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова жеңіп алды.
«Қазіргі таңда оларға қатты үміт артудың керегі жоқ. Өйткені олар өте жас. Тәжірибелері аз, олардан медаль күту әділетсіздік деп ойлаймын. Олимпиадада жақсы өнер көрсетсе жаман емес. Олардың ең басты мақсаты мақтан тұтарлық өнер көрсету. Жартылай финалға шыққанының өзі көрсеткіш. Спортшыларымызға жанкүйер болуларыңызды сұраймын», – деді Дмитрий Баландин.