Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери әлеуеті қандай? (инфографика)

742

 

Осы ретте біз еліміздің әскери әлеуетіне көз жүгіртіп өтуді жөн көріп,  қорғаныс саласы төңірегінде тұйықталған бірқатар мәселенін бетін ашуға тырыстық.

Алдымен, жалпы жұртшылықты мазалай қоймаса да, көпшіліктің көкейінде жүрген «еліміздің қарулы күштері жерімізді жаудан қорғап қалуға қауқары бар ма» деген сауалдың төңірегінде ой тарқатсақ. Бәлкім бұған біржақты жауап беру оңайға соқпас, дегенмен оқырман қауым назарын мына бір сандық, сапалық жайттарға аударып көрелік.

Ресми ақпараттарға сүйенсек Қазақстанның Қарулы күштері 74 мың адаммен жасақталған. Еліміздің Қарулы күштеріне жылына орта есеппен 0,9 миллиард доллар бөлінеді. Мұндайда «Қазақстанды қорғауға 74 мың әскер жеткілікті ме» деген  заңды сұрақ туындайтыны анық. Халықаралық зерттеу орталықтарының мәліметінше Орталық Азиядағы айтарлықтай тегеурiндi деп саналатын қазақ армиясындағы әскери қызметкерлер саны ел халқының бiр пайызын да құрамайды екен.

Яғни, еліміздегі 217 мыңға жуық тұрғындардың бiреуi ғана өз тағдырын әскери қызметке арнайды деген сөз. Ал жер аумағы, тіпті халық саны жағынан болсын елімізден қалыс қалып жатқан Белоруссияның әскері – 80 мың екен. Байқап отырсақ, осы көрсеткіштің өзінен – ақ еліміздегі әскер саны аз деген қорытынды шығаруға болатындай. Рас, егер әскеріміздің қару-жарағы ең соңғы үлгіде жасақталып, құрамның жартысынан көбі жоғары білімді болса алаңдауымызға себеп те болмайтын шығар. Бірақ, осы талап бізге сай келе ме? Соны анықтап көрелік.

Еліміздің әскери әлеуетін сандармен сөйлетiп көрсек:

Қазақстанда 4 түрлі әскер бар:

Әуе қорғаныс күштері, Құрлықтағы әскер, Әскери-теңіз күштері және Республикалық гвардия.

Еліміздегі            Құрлық                  Әуе                     Әскери-теңіз

әскер саны    әскерінің саны   күштерінің саны    күштерінің саны

74 мың адам        47 мың                  19 мың                   3 мыңға жуық

Танк саны         Тікұшақ        Әскери көлік          Минометтер

5 мың               130-ға жуық          4 мың             2 жарым мыңнан астам

(Т-80, Т-72,  және Т-62)

Еліміздің қорғаныс кешенінде бұған қоса 25 бомбылаушы Су-24, 40 тарта жойғыш МиГ-29, 14 жойғыш Су-27, 14 шабуылдаушы Су-25, 43 әскери жойғыш МиГ-31 ұшақтары мен 100 зениттік зымыран кешені бар.

Қорғаныс министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкесі Қазақстан әуе қорғанысының әскери дайындығы да жоғары деңгейде. Ал Әуе қорғаныс күштері соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған.

Алайда қорғаныс саласының бірқатар мамандары бұнымен келіспейді. Генерал майор Әмірбек Төгісовтың айтуынша, еліміздің әскерін сапалы техникамен жабдықтау үлкен проблемаға айналып отыр. Неге? Себеп сол, қираған империядан «мұраға» қалған техникалардың басым бөлігінің тозығы жетіп, тіпті қолданудан қалыпты.

 Айталық, біздегі «істен шықпаған» танкілер саны шамалап айтқанда 900 -ді құраса, оның оның 30 пайызы – Т-62, 70 пайызы – Т-72. Ал осы типтегі танкілер пайдалану мерзімі өтіп бара жатқан техникалар қатарына кіреді екен. Мотоатқыш бөлімдерде де осы кемшілік. Сұранысы жоғары болғанмен, БМП 1-2 маркілік атқыш техникалары қарулы күштерімізде 500-ге ғана жетеді. Бізде тіпті әскери техникаларды жөндеуден өткізетін базалар да жоқ. Бұдан келе, жойғыш МИГ-25, шабуылдаушы СУ-25, бомбалаушы СУ-24 сияқты мотоқорларымызды пайдалану қауіп туғызуда. Маман  сөзіне сенсек, бізде  қару-жарақтың – 50, әскери техниканың 70 пайызы ескіріпті.

Көңіл көншітерлік тұс, жыл өткен сайын Үкімет қорғаныс саласын қаржыландыруды ұлғайтып келеді. Биыл әскери бюджетіміздің көлемі 165,469 млрд теңгені құрады. Бұл әсте төмен көрсеткіш емес екенін айта кетелік. Өткен 2009 жылмен салыстырғанда 19 пайызға, 26 млрд теңгеге артық. Ал 2007 жылы Қазақстанның әскери бюджетi тұңғыш рет миллиард долларлық межеден асып түсiп, 1 млрд.220 миллион долларды құрады.

Қазақстанмен көршілес елдердің Қарулы күштерінің әлеуеті төмендегіше:

Мемлекет       Әскер саны           Әскери бюджеті

ҚХР                  2 млн. 500 мың       35 млрд. (долларға шаққанда)

Ресей                1 млн.-нан астам     25 млрд.

Өзбекстан        68 мың                     302 млн.

Түркіменстан   50 мың                     116 млн.

Тәжікстан         15 мың                      52 млн.

Қырғызстан    шамамен 11 мың       40 млн.

Посткеңестік елдердің ішінде қорғаныс саласына қомақты қаржы құйған мемлекеттердің тізімі:

Украина – 2,6 миллиард (долларме  шаққанда)

Әзірбайжан – 2,4 миллиард

Грузия – 1,2 миллиард.

Әскерге де әлділер керек

Расымен, ертең бүтін бір елдің тыныштығын күзеткен сарбаздың денсаулығы сыр берсе, қайтпекпіз? Орташа есеппен алғанда, елімізде әскерге шақыртылған әрбір 10 бозбаланың 4-5-еуі жарамсыз деп танылады екен. Ал елімізде әскери қызметке жарамдылардың басым бөлігін Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласынан шақырылғандар құрайды. Төменгі көрсеткіштер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының үлесіне тиесілі. Әскерге шақыру науқанын  өткізетін медициналық комиссия жұмысына да жұрттың барлығы бірдей көңілі тола бермейді. Осы мекемелер қабырғасынан  шығатын «бай балалары орайын тауып әскерге бармайды»,  «отсрочка» алуға болады екен», «әскерге әлжуаздарды әкетіп жатыр-мыс» деген алып-қашпа сөздер қалың көпшіліктің құлағына түрпідей тиетіні жасырын емес.

Қалай десе те соңғы жылдары жауынгер атануға жарайтындар біртіндеп көбейіп келеді. Оның себебі түсінікті де. Құқық қорғау саласында қызмет атқарғысы бар жастардың көпшілігі әскерге «әскери билет» алу үшін аттанатыны белгілі.

Алайда айтпағымыз бұл емес. Әлде әлділердің көбейгендігінен бе, әлде тәртіптің бақылаудан шыққанынан ба, Қазақстан қарулы күштері құрамында әлімжеттік әлі тыйылмай тұр. Рас, еліміздегі барлық әскери бөлімдер тәртіпсіздікке бой алдырған деп айта алмаймыз.

Әскери прокуратураның сөзіне сенсек сарбаздар арасында қылмыс саны биыл екі есеге дейін азайыпты. Бірақ, көзбен көргенді жасыруға болмайды. Соңғы екі айдың ішінде ғана ел ішін жаңғыртқан екі қылмыстық оқиға орын алды…

 

Өскемендегі 27/943 әскери бөлімінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер сарбазды соққыға жығып, 19 жасар жігіт сөйлеу қабілетінен айырылса. Алматыдағы 55-те 71 әскери бөлімінде асылып өлген 20 жасар жауынгердің өлімі бүкіл Қорғаныс саласын аяғынан тік тұрғызды.

Мұнда да әскери борышын өтеп жатқан Қазыбек Темірхановтың өліміне қатарластары қатарынан жасалған озбырлық әрекет себеп болған.

Айдос Ахмет, әскери психолог:

– Әлемжетттік әрекеттер бар. Және жақын арада тиылар түрі көрінбейді. Осы арада әскери борышты әркім өз аймағында өтегені дұрыс деген пікір айтар едім. Осы жағдай сарбаздар арасындағы әлімжеттік жасау оқиғасының азаюына да септігін тигізуі әбден мүмкін. Екіншіден, офицерлер мен шартқа отырып қызмет ететіндерге де тәртіп бұзбау жайлы, жарғы талаптарын орындау туралы дәрістер жиі оқытылуы керек. Бұл олардың сана-сезімі мен пайымына оң әсер етеді.

«Контрактник». Ол кім?

Бұл әскердің қабілеттілігі қаншалықты? Жоғары технологиялық әскери операцияларға төтеп берер қауқары бола ма? Жасырары жоқ, қазіргі таңда қолында дипломы болғанымен жұмыс таппай сандалған ауыл жастарының негізгі барар жері – осы. Ал кеше ғана оқуын бітірген жастың, аз уақыт ішінде әскер өміріне бейімделіп кетуі де неғайбыл. Бүгінгі күні Қазақстанның Қарулы күштерінде келісім-шартпен борышын өтейтіндер 50%, ал мерзімді қызметтегі әскерилер 40% құрайды. Қазақстан ардагерлер қауымдастығының  төрағасы Б. Смағұл осы орайда өз ойын былайша тарқатты:

– Саннан сапаға көшетін кез жеткен сияқты. Өйткені келісімшартпен жұмыс істейтін әскер жаңа заманға сай қандай да бір әскери іс-қимылдарға дайын болуы керек. Әскерге бас болатын генералдың өзі әскери-теория жағынан қатардағы жауынгерден оқ бойы озық тұрғаны маңызды. Екіншіден, жасы үлкен мамандар офицер болып, жастар қатардағы жауынгер болуы тиіс. Маған салса осы салаға тек сыннан өте білгендерді ғана жіберер едім. Себебі еліміздің шекарасын тек маманданған, қабілеті жоғары, белгілі бір саланы жете меңгерген, бастысы моральдық жағынан таза адамның қорғағаны дұрыс.

Иә, осы сөздің жаны бар. Ресми деректерге сүйенсек, ел армиясының 50 пайызы жоғары білімді болса, 30 пайызын орта білім алғандар құрайды екен. Әрине, әскер қатарына шақырылушылардың білім деңгейі жоғары болғаны бір есептен бұл дұрыс та шығар. Алайда келісімшартпен жұмыс істейтіндердің басым бөлігі, осы кәсіпті меңгеруге мәжбүр болғанын ескерсек, әскери қызметтің тек кәсіби түріне көшу психологиялық жағынан қауіпті.

Айталық солдаттың әлеуметтік жағдайы нашар болса, әскерде қалай қызмет етеді? Мұндай әскер алдымен ел қорғауды емес, ақша табу жағын ойлауы да әбден мүмкін ғой.

Бір жағынан алғанда, шарт негізінде әскери қызметте болу жұмыссыз жастарға қолайлы-ақ. Жалпақ тілмен айтқанда «контрактниктерге» үкімет тарапынан ай сайын еңбек ақы төленеді. Былтыр мұндай жауынгер айына 35-36 мың теңгеден қайырса, биыл келісім-шарт негізінде қызмет етушілердің ең төменгі жалақысы 43 мың теңгеге жеткен. Қызмет өтілі мен шені жоғарылағандар арасында 100 мың, тіпті 200 теңгеден асып жығылайтын жалақы алатындары бар. Жыл сайын әр әскери қызметшіге 45 түрден тұратын киім-кешегі тегін беріледі. 45 жасында зейнеткерлікке шығады.

Сол зейнеткерлікке шығар алдында ай сайын қандай көлемде еңбек ақы алып тұрған болса сол көлемде зейнетақы алатын болады. Ол аз десеңіз, сегіз жыл қызметін өтеген сарбаз жоғары оқу орнында ақылы негізде білім жалғастырғысы келсе, Қорғаныс министрлігі оқу ақысының 50 пайызы төлейді екен.

Ал дайындалыңдар…

Алдағы күзде Қазақстан Қарулы Күштерiнiң қатарына жас жауынгерлердi қабылдау басталады. Қазір республиканың барлық аймақтарында әскерге шақыру науқанына орай жұмыстар жүргiзiлуде. Қарулы күштердің қатарына 6 мыңдай жасты, өзге әскери құрамаларға тағы 8 мыңдай жасты шақыру жоспарланып отыр.

 Қазақстанда әскери борышын өтеуге шақыру науқаны екі рет – көктемде және күзде өтеді. Әскер қатарына әскерден босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы ер жігіттер шақырылады.

Әскери борыштың мерзімі он екі ай. Биылғы шақырылымның бір ерекшелігі, әскерге алдымен жоғары білімі барлар, шетел тілін білетіндер алынады. Оның үстіне қазір борышын өтеушілердің денсаулығын тексеруге аса мән беріліп отыр.

Бұған дейін бозбалалар психолог пен наркологтың қарауынан өтпейтін. Енді, қорғаныс министрінің арнайы жарлығы бойынша, әр бір комиссия құрамында міндетті түрде нарколог та отыратын болыпты. Сондай елімізде әскери тіркеуге тұрмай, жалтарып жүргендер биыл әскер қатарына өтіп кетуі мүмкін. Әскери прокуратура мұндайлардың саны 30 мың адам.

Сіз білесіз бе?..

КСРО кезінде Қазақстанда әлемде теңдессіз саналатын теңіз торпедалары жасалған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз