Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан Қарабақ бойынша бейбіт келіссөз алаңын ұсына алады — сарапшы

434
Сурет: ria.ru

ҰҚШҰ мүшелері мен Қазақстанға Қарабақ қақтығысына қатысудың қажеті жоқ, деді саясаттанушы Андрей Чеботарев ММУ АТО порталына берген сұхбатында.

Ереван  осы ұйымға жүгінуі мүмкін, бірақ

Қарабах қазір мойындалмағанымен тәуелсіз құрылым

Ол Армения құрамына кірмейді, яғни ҰҚШҰ келісімдері мұнда жұмыс істемейді.

Армения ҰҚШҰ-ға үміт артып отыр

— Соңғы жылдары Таулы Қарабақтың айналасында жиі жанжал көтерілуде. Соңғы рет шілде айында қарулы қақтығыстар болды.

Әзірбайжан 1992-1994 жылдардағы соғыс кезінде іс жүзінде айырылып қалған аумақтарын қайтаруға ұмтылып жатқаны түсінікті. Әзірбайжан мен Армания арасындағы келіссөздер әзірге еш нәтиже бермеді.

Бүгін кімнің бірінші болып уақытша бітімді бұзып, от ашқаны соншалықты маңызды емес

Әзірбайжанның қалай  тоқтайтыны әлдеқайда маңызды:  не «жеңіске жеткенше» созылатын жаңа ауқымды соғыс болады, не екі елдің  Қарулы Күш бөлімшелері соққы алмасқаннан кейін қайтадан өз позицияларына оралады. Баку әлемдегі және аймақтағы қазіргі жағдайды ескере отырып, айырылып қалған аумағын қарулы жолмен қайтарып алуы мүмкін.

Ол COVID-19 пандемиясы елдің қоғамдық өміріне теріс әсер еткендіктен, ешкім бір-бірімен толық күресуге дайын емес деп есептеп отыр. Ал

табандылық танытса, Ереванды белгілі бір жеңілдік жасауға көндіруге болады

Алайда Армения да өзінің табандылығын көрсетіп,  көршісіне тиісті жауап беруге дайын. Ол негізінен ҰҚШҰ-ның араласуына және Ресейдің әскери базасына сеніп артып отыр.

Ешкімге соғыс керек емес

Осыған байланысты Қазақстан әскери іс-қимыл аймағы халықаралық деңгейде танылған шекарадағы Армения аумағы емес,  Арцах Республикасының (Таулы Қарабақ Республикасы) аумағы деген пікірден таймауы керек. Басқаша айтқанда, Ереван Бакуге өзінің тікелей қарсылығын білдіру үшін достық Степанакертті қолдап отырған жоқ.

Демек, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың 4-бабы бұл жағдайға сәйкес келмейді

Армения ҰҚШҰ-ға жүгінуі мүмкін. Бірақ, ең жақсы жағдайда, ол тек осы құжатта қарастырылған бірлескен консультацияларды өткізуге қол жеткізеді. Ол ұйымға қатысушы мемлекет басшылары деңгейінде өтеді.

Армения Қарабақты өзіне қоспай, оны дербес құрылым ретінде қалдыруы жағдайды жеңілдетеді.

Ресейдің Сирия мен Украинадағы қақтығыстарға атсалысқанын және көрші Беларусьтегі ұстанымдары мен мүдделерін жақтау үшін тәуекелге барғанын ескерсек, оған одақтас Оңтүстік Кавказдағы соғыс қажет емес.  Бұл ҰҚШҰ-ның басқа қатысушыларына да қатысты. Сондықтан  келіссөздер үстеліне отырып,

атысты тоқтату шартын ғана емес, екі оңтүстік кавказдық елдің басқындық пен соғыс шығынынсыз әрекет етуінің нақты әдістері мен механизмдерді талқылауы барлығына тиімді болады

Қазақстанның осы бағыттағы бірнеше мәрте бастама білдіргенін ескерсек,

біздің еліміз келіссөз алаңын ұсына алады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз