Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан қандай салаларда инновациялық әлеуетін арттыра алады? – сарапшылар

инновации

Сарапшылар еліміз осы бағыттар бойынша өз позициясын 2025 жылға дейін жақсартуы керек деген сенімде. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 ақпанда жарияланған Жарлығында айтылған. Құжатта жақсарту қажет мақсатты көрсеткіштер көрсетілген. Олардың ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі “Инновациялық әлеует” те бар. 2019 жылы Қазақстан бұл позицияда 95-ші орынға ие болды, бірақ 2025 жылға қарай 70-тен төмен болмауын жоспарлап отыр.

Неден бастау керек?

Тарихшы Владимир Осколков білім мен медицинадан бастау керек деп санайды.

– Білім беруде қашықтықтан оқыту әдістерін жетілдіру, Қазақстанға үздік мамандарды шақыру және біліктіліктерін арттыру үшін өз оқытушыларын шетелге жіберу қажет.

Білім – болашақтың іргетасы. Инновацияларды енгізетін кадрлар болуы үшін өз мамандарымызды даярлауымыз керек,

– дейді Осколков.

Владимир Осколков

Медицина, туризм және орман шаруашылығы

Медицинада инновация тұрғысынан Қазақстан өзін жақсы жағынан көрсетті. Пандемия күшейген кезде жан сақтау бөлімдеріне оттегі қажет болған кезде, бүкіл елде оттегі станциялары салынды.

— Сонымен қатар, біз әлемдегі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина — Спутник V-ны егуді бастаған санаулы елдердің біріміз. Бізде қандай да бір ғылыми база мен әлеует бар. Емдеу-сауықтыру жобаларын дамытсақ та жақсы болар еді. Яғни,

Алакөлді алайық – біз әлі күнге ондағы батпақтың құрамын білмейміз. Оны емге қолданып жатыр, бірақ оның қасиеттерінің медициналық негіздемесі әзірге жоқ,

ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыс туризмнің дамуына да ықпал етер еді.

Білемін, Шығыс Қазақстанға шетелдіктер келіп, аю мен марал аулаған. Бірақ жануарлардың санын бақылауға алу үшін, олардың санын қадағалап отыру үшін жаңа технологияларды енгізу керек — мысалы, квадрокоптерлерді іске қосу. Бұл орман шаруашылығындағы жаңашылдық. Солардың көмегімен ағаштардың саны қанша екенін де білуге болады — деді Осколков.

Табысты инновациялық жоба

Қазақстан Егін өсірушілер одағының төрағасы Виктор Асланов басым және болашағы бар сала болып табылатын ауыл шаруашылығына инновациялар енгізу туралы айтты. Ол “Қолдау” аграрлық порталын табысты жоба деп санайды. Ол арқылы мемлекеттік қызметтер цифрландырылады, ал фермерлер егістіктері мен ауыспалы егіс туралы деректерді енгізіп отырады. Алынған мәліметтер талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл өнімділікті жақсартуға және уақтылы әрі тиімді агрономиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

– Цифрландыру мен транспаренттілік сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін ғана емес, одан әрі дамыту үшін де қажет. Бүгінде әзірше құзырет пен сараптама жетіспейді. Қазір нарықта цифрландыру бойынша көптеген ұсыныстар бар – мүмкіндігі жоғары GPS-навигаторлар, нүктелі егіншілікке арналған жабдықтар және т.б.

Виктор Асланов

Но пока слышен только «голос продавца», а он, естественно, свой товар ругать не будет. Аграриям обещают рост урожайности, но необходимы исследования, которые обоснуют эффективность той или иной системы. Думаю, здесь нужна поддержка государства и квазигосударственного сектора. Сейчас мы имеем большой массив знаний по тому, что и как сеять, но по внедрению новых технологий есть куда развиваться, — считает Асланов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз