Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан кедей елдерге көмек көрсетпек: қандай мақсатпен және не үшін?

698
Сурет postimees сайтынан алынды

Қазақстан 1991 жылдан бастап дамушы елдерге белсенді көмек көрсетіп келеді. 29 жылдың ішінде көмек көлемі шамамен 500 млн АҚШ долларын құрады.  2020 жылдың қыркүйек айының ортасынан кешіктірмей KazAID жаңа жобасын іске қосу жоспарлануда. Мұндай асығыс әрекеттің бірден-бір себебі — 2020 жылы БҰҰ құрылғанына 75 жыл толады.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде СІМ-нің бастамасын өткір сынға алды. Карантин жағдайында кедейленген халық пен бизнеске жәрдем берудің орнына үшінші елдерге көмек көрсету орынсыз. Саясаттанушы Замир Қаражанов жаңа агенттік тек имидждік рөл атқарады деп есептейді.

Сыртқы саясат және PR

— Замир, карантин кезінде үкіметтің осындай шешім қабылдауы қаншалықты дұрыс?

— Кедей елдерге көмектесу тәжірибесі халықаралық тәжірибеде бұрыннан бар.

Әрбір ел қолынан келгенше көмек көрсете алады

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен жаңа агенттік құрылатына келетін болсақ, мұндай нәрселер имидждік сипатқа ие екенін түсіну керек. Бұл елден тыс жерде елдің жағымды бейнесін қалыптастыру үшін жасалады. Бұл келіссөздер жүргізуде немесе кейбір бастамаларды алға жылжыту кезінде бейілділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Замир Каражанов

Алайда, қазір халықаралық көмек көрсету туралы бастама қозғайтын уақыт емес. Идея асығыс  және қазіргі жағдайда орынсыз қабылданды. Қазақстанның сыртқы саясаттағы  міндеттері мүлдем басқа және президент оларды бірнеше рет атап өтті. Бізге инвесторларды тарту және экспорттық нарықтарды дамытуымыз қажет. Біз соңғы 2-3 жылда прагматикалық ұстанымға ие болып, тек экономикалық жобаларға қызығушылық таныттық.

Қазір кедей елдерге көмек көрсету — бұл саяси құралдардың бірі. Біздің серіктестеріміз Қазақстанның бұл қадамдарын тиісінше бағалауы да, бағаламауы да мүмкін. Біз өзіміздің әлемдегі, тіпті өңірдегі бірден-бір супердержава емес екенімізді ұмытпауымыз керек. Ал мұнай бағасының құлдырауы мен экономиканың тежелуіне байланысты соңғы оқиғалар аясында біз сол Оңтүстік Корея мәртебесіне үміткер бола алмаймыз. Халықаралық аренада Қазақстанның жаңа бастамалары жоқ.  Планетада демократия мен стандарттарды орнатуға ұмтылған Америка емеспіз ғой, сонда біз  әлемнен нені күтеміз?

Біздің бүгінгі басты міндетіміз – экономика. Инвестициялар, жаңа экспорттық бағыттар және шикизат саласына тәуелді экономиканы әртараптандыру

Мұнай-газ саласыннан алыс, экономиканың нақты секторында жұмыс істеуге дайын инвесторлар қажет. Мақсатымыз — қазіргі заманғы өндірістерді құру арқылы импортты алмастыруды жолға қою. Сондықтан сарапшылар қауымдастығы халықаралық көмек агенттігін құру идеясын ары кетсе PR-жоба ретінде бағалайды ойламаймын.

Тиімсіз көмек

— Дамушы елдерге қаржылық қолдау көрсетудің қандай да бір нәтижесі бола ма? Ол ақшаның тиімділігін кім талдап, бағалайды?

— Мәселе сонда,  көмек көрсету мен оны алудың тиімділігін бағалайтын нақты тетіктер болуы қажет.

Big20, G7 немесе G8 отырырыстары өткен сайын әрдайым  кедей елдерге көмектесу қажеттілігі туралы айтылды. Алайда ақша бөлінгенмен, бұл көмектің ешбір мән де мағынасы да болмады.

Кедей елдерге  құйылған ақша сыбайлас жемқорлық арқылы қайта шығарылады. Көмек алушылар оны орынды жұмсауға еш кепілдік бермейді

Сонымен қатар, қазір пандемияға байланысты әлемде ең жақсы уақыттың орнамағанынын түсінуіміз керек.

Жаңа шенеуніктер

— Қасым-Жомарт Тоқаев холдингтер санын қысқарту қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Сондықтан СІМ-нің жаңа агенттік құру туралы бастамасы Мемлекет басшысының нұсқауларына қайшы келеді.

— Мен де сол туралы жиі айтамын. Өзіндік жұмыс әдістері бар жаңа шенеуніктер пайда болады. 10 жылдан кейін біз: «Осындай жоғары жалақы алып отырып, олар не тындырды?» деп сұраймыз. Міне, осындай мәселелер болмас үшін, еліміздегі нақты проблемаларға назар аудару қажет. Оның имидж, PR немесе басқаларға көмектесу емес екені анық.

Сонымен қатар, әлемде жүздеген, соның ішінде БҰҰ құрамында жұмыс істейтін осындай халықаралық ұйымдар бар. Олардың 5-10% ғана тиімді жұмыс істейді.

Тіпті көмектесу және реформа жүргізу бойынша белсенді жұмыс атқарып отырғын ХВҚ мен Дүниежүзілік банк те бұл істі сынға алады. Біздің агенттік қандай іс тындырмақшы, мен түсінбеймін. Егер мемлекеттік аппараттың өзі тиімді жұмыс істеуді үйрене алмай отырғанда, жаңа агенттіктен қандай рекордтарды күтуге болады?

— 1991 жылдан бастап Қазақстан 500 млн долларға көмек көрсетті. Бұл Қазақстан үшінші елдерден алған көмек деңгейінен әлдеқайда төмен. Агенттікті құру алынатын көмек көлемін ұлғайтуға  үшін жасалған қандай да бір әрекет болып көрінбей ме?

— Бұл мәселені үшінші елдерден материалдық көмек көрсетуге және алуға жауапты мемлекеттік органға жолдау керек. Мен мұндай статистиканы көрмедім.  Әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты қаржылық көмек көлемі төмендеуі немесе өсуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанның үшінші елдерге  нақты қанша көмектескенін және қандай көмек алғанын мұқият есептеу қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз