Бүгін таңғы 08:00-де Қазақстан KazSat-2 ғарыштық жерсерігін басқару тетігінен айырылып қалыпты.
Енді KazSat-2 жерсерігінің функциясын шұғыл түрде KazSat-3 жерсерігіне лақтырып жатыр екен.
Бірқатар өңірлік телеарналар мен республикалық телеарналардың эфирі үзілген.
KazSat-2 ғарыштық жерсерігі 2011 жылы 16-шы шілдеде Байқоңырдан ұшырылған еді. Аппарат аналогтық және сандық телерадиохабар тарататын компанияларға қызмет етіп, жоғары жылдамдықты Интернет байланысын, ғарыштық байланыс қызметін қамтамасыз ететін.
Қазғарыш өкілдері KazSat-2-ні құрастыру барысында ең заманауи техникалық шешімдер пайдаланылған, борттағы жүйелері жаңартылып, аса сенімді құрылғылар орнатылған деген еді.