“Қазақстан инжиринг” басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үй қамауына ауыстырылды.
Бұл туралы
Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
“26 мамырда Есіл аудандық соты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын үй қамауына ауыстырды. 6 маусымда тергеу органының өтініші қаралып қанағаттандырылды. Күдікті 16 тамызға дейін үй қамауында болады”, – деді Астана қалалық сотындағылар.