Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда экономиканы, саясат пен қоғамдық сананы қамтитын жүйелі әрі ауқымды жаңғырту басталып кеткенін атап өтті.

– Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ассамблея жұмысына тың серпін берді, – деді Мемлекеттік хатшы.

Әбдіқалықова жиындағыларды «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жобаларды іске асыруға барлық этномәдени бірлестіктің атсалысуы керек екеніне назар аудартты.

Бүгіндері елімізде 1 338 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, сондай-ақ 41 достық үйі ашылып, 3 мыңдай қоғамдық келісім кеңестері қызмет атқарып жатыр. 500 мыңнан астам адам, 18 мыңнан астам ұйым 4,1 млрд теңгеден астам қаражат көлемінде қайырымдылық көмек алды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан 2018 жылы елорданың 20 жылдығын атап өтетінін айтты.

-Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы, Президент идеясының іске асыруының көрінісі және бүкіл халықтың еңбегінің нәтижесі, – деген Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясына осыған қатысты тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Жиын барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы, «Қазақстан халқы» интерактивтік тарих картасының, көп функционалды мультимедиялық порталдың әзірлену барысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы Павлодар облыстық Ассамблеясының тәжірибесі талқыланды.

Кеңес ұйымдастыру мәселелерін қарастырып, Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасына «Бiрлiк» алтын медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, ҚХА Төрағасының құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз