Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесі: “Келешектің кілті жас буынның қолында”

Осы мақсатта алдағы уақытта қаладағы әрбір шағын аудан бойынша құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері оқу орындарына барып түрлі шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ассамблеяның ақсақалдар кеңесі жастармен кездесуде өздерінің өнегелі өмір жолдарынан тағылымды естеліктер айтады.

«Кемел келешектің кілті бүгінгі жас буынның қолында. Олар ел болашағына бейжай қарамайтын, білімді де білікті азамат болып қалыптасуы тиіс. Сондықтан рухани санаға серпіліс әкелген мақаланың мән-маңызын жастарға жеткізу парызымыз», – дейді осы орайда аға буын өкілдері.

Орал қалалық шағын аудандар бойынша құрылған Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қанат Оразғалиевтің айтуынша, біздің халқымыздың бірлігі ынтымақта тұр.

«Білсеңіздео, Төле би бабамыздың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп айтқаны бар. Сондықтан халқымыз жұдырықтай жұмылып, осы «Рухани жаңғыруды» халқымызға жеткізіп, жастарды тәрбиелеп жүрсек, әр уақытта жетістіктерге жетеміз» дейді Қанат Оразғалиев.

Студенттер болса Ассамблея тарапынан қолға алынған мұндай басталамаларды әрдайым қолдайтындарын жеткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазіргі күні көптеген тарихи орындарды зерттеу, білу, халыққа таныту бойынша ауқымды шаралар өтуде. «Туған жерге туың тік» дейді. Ассамблея мүшелері қолға алған бастаманың арқасында елімізді, оның тарихы мен табиғатын бұдан да терең тани түсерімізге сенімдіміз», дейді бұл ретте Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің белсенді жастары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз