Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарға құттықтау хатын жолдады

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген барша табыстарымыз бен жетістіктеріміз – бұл қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған дәйекті саясаттың нәтижесі.

“Әралуандық бірлігі” қағидасы көпэтносты және алуан мәдениетті Қазақстанның негізі болды.

Үйлесімді этносаралық қатынастардың құндылығын түсіну, ынтымақтастық, өзара қолдау және ризашылық сезімі өміріміз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі

ретінде қоғамымызда бекем орнықты.

Бүгін, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық игіліктің жаңа үлгісін құру аясында біздің бірлігіміз жаңа серпін алды.

“Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” – бұл қоғамның әлеуметтік бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісінің ауқымды тұғыры.

Құрметті қазақстандықтар!

Біз “Бірлігі жоқ елдің – болашағы жоқ” деген халық даналығына сәйкес өмір сүріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасын нығайтудамыз.

Біз – бір елміз және жалғыз Отанымыз бар. Әрқайсымыздың тағдырымыз – Қазақстан тағдырына байланысты.

Осы нұр шашқан мейрамда, біз баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз! Осы күн біздің шаңырағымызға қуаныш пен шуақ әкелсін!

Қазақстан халқы бірлігінің күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Туған жеріміз өркендеп, еліміз өрлей берсін!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз