Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт

111

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен алқалы жиынға өңірлік Ассамблея филиалы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Шараға сонымен қатар өңірге белгілі ғалымдар, аймақтық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ал Мәжілістің шымылдығын облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов сөз сөйлеп түрді. Оның айтуынша, «Тұңғыш Президент күні – күллі қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие мереке».

«Тұңғыш Президент күні» мерекесінің бекітілуі – халықтың өз көшбасшысына деген құрметі деп білеміз. Бұл осыдан 26 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлаған халықтың сәтті жасалған таңдауына деген құрмет. Еліміз егемендік алған ең бірінші күнінен бастап Мемлекет басшысы еліміздегі алуан түрлі мәдениеттер мен этностар арасында төзімділік қарым-қатынасты қалыптастырудың мақсаты мен дәйекті саясатын ұстануды ұсынды», – деді Мұратәлі Қалмұратов.

Ол сондай-ақ жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына, Елбасының тарихи шешімдеріне кеңінен тоқталды.  Осынау Мәжіліс аясында Мемлекет басшысы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді.

Сондай-ақ, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев пен бірқатар ғалымдар және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак баяндама жасады. Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектерін сөз етті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар ішінде қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, өміршеңдігін көрсетті. Қазіргі таңда Парламентте этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығарушылық үдеріске қатысуы ресми тұрғыда бекітілген әлемдегі жалғыз мемлекет екендігі мәжілісте айрықша айтылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз