Биыл 1-қыркүйекте қазақстандықтар демалады.
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрбан айт мейрамының бірінші күні 2017 жылы 1 қыркүйекке түседі. 30 тамызда ел тұрғындары Конституция күніне байланысты демалады, бұл сәрсенбі. Ал 31 тамыз – жұмыс күні.
Кейін қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады. Өйткені күздің бірінші күнінде Құрбан айт мейрамы болады. Ал 2 және 3 қыркүйек сенбі мен жексенбіге келіп тұр.