ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.
Бұдан бұрын “Астана ЭКСПО — 2017” АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді. Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2 миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.
Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен. Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ға 3,6 миллиард доллар жұмсалған екен, ал ең қымбат ЭКСПО Шанхайда өткен, Қытай елі оған 60 миллиард доллар жұмсапты.
Дереккөз: stan.kz