Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде: ядролық державалар қауіпсіздікке кепілдік беруге міндетті

145

Осындай жоғары деңгейдегі отырыс Амерка құрама штаттарының президенті Дональд Трамптың бастамасы бойынша өткізілген-ді. Отырысқа АҚШ президентінің өзі төрағалық етті.

Отырысқа БҰҰ ҚК тұрақты мүшелері ретінде Франция атынан ел президенті Эммануэль Макрон Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің атынан премьер-министр Терезой Мэй, Ресей Федерациясының атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қытай Халық Республикасы атынан сыртқы істер министрі Ван И.қатысты.

Сондай-ақ жоғары деңгейдегі кездесуге  кездесуге Польша, Экваториалды Гвинея, Боливия, Кот-д’Ивуар, Кувейт, Нидерланды, Эфиопия, Перу және Швеция мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары және министрлері қатысты.

Осындай мәртебелі отырыста Қазақстан Республикасы атынан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сөйледі. Қазақстандық делегат жаппай қырып-жою қаруын тарату және пайдалану – Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық арсеналдан бас тарту және Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы батыл шешім қабылдады. Халықаралық қауымдастық бұл әрекеттерді теңдесі жоқ және өте құптарлық қадам ретінде қабылдап, Семей ядролық полигонын жабу дастасы, 29-тамызды «Ядролық сынақтарға қарсылық көрсетудің халықаралық күні» деп белгіледі», — деп, атап көрсетті республиканың сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

2018 жылғы 19-қаңтарда Нью-Йоркте БҰҰ ҚК «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы отырысы болып өтті. Аталмыш кездесу Қазхақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне Қазақстан төрағалық еткезіндегі негізгі шара болатын. Отырыста Қазақстан президенті Нурсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Кездесуде қазақстандық көшбасшысы «Бейбітшілік. ХХI ғасыр» манифестінде көрсетілгендей, ядролық қарудан ада әлемді және бейбіт атомды насихаттаудың алғы шебінде дәл осы ядролық қаруға ие алпауыт мемлекеттер түру керек екендігін атап көрсетті. Міне, дәл осы мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруының арсеналын қысқартуда үлгі көрсетулері керек.

«Қазіргі нақты өмір әлемде орын алған көптеген қақтығыстардың алдын алуға және оларды тиімді ретке келтіруге болатындығын көрсетіп отыр. Ол үшін, ең алдымен, ядролық қаруға ие әлемдік державалардың өзара түсіністігі қажет, —

деді мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қаңтардағы отырысында. — Оларға ядролық апаттың алдын алу бойынша бүкіл адамзат алдындағы орасан зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Дәл осы ірі ядролық державалар ядролық қарудан ада әлем үшін күрестің алдыңғы сапында болып, жаппай-қырып жою қаруын қысқартуда үлгі көрсетулері керек.

Дегенмен бұл басқа мемлекеттер «біздің қолымыздан не келеді?» дегенді алға тартып, ортақ күрестен шет қалсын деген сөз емес.

Әлемдік қауымдастық – өзінің алуан түрлілігіне және құрылысына қарамастан, тек планетаны мекендейдін ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара түсіністік пен үйлесімдік арқасында күн көре алатын және дамитын бірыңғай ағза, организм.

Міне, сондықтан, біз бірлесе отырып, халықаралық құқықтың үстемдігіне негізделген неғұрлым қауіпсіз әлемге және неғұрлым әділ әлемдік тәртіпке қол жеткізуге ұмтылымуыз керек.

Әлбетте, бұл істе ерекше рөл мен тарихи миссия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мойнына артылады».

Ресми Астана Ядролық қаруды таратпау туралы келісім өзінің тиімділігі мен өзектілігінен айырылмауы керек деген сенімде. Сонымен қатар, Қазақстанның ұстанымы бойынша, әлемге жапай қырып-жою қаруына қарсы күресте неғұрлым күшті халықаралық-құқықтық негіз қажет.

Ядролық қаруды таратпау туралы келісім дұрыс жүзеге асып жатқан жоқ – кейбір мемлекеттер оны толығымен орындамаса, кейбіреулері жартылай атқаруда. Бұл жаппай қырып-жою қаруына ие және ондай арсеналы жоқ елдер арасындағы сенімнің нығаюына кері әсерін тигізуде.

Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы барлығын қамтитын келісімнің тезірек іске қосылуы да осы жойқын қаруды таратпаудың жаһандық сәулетіндегі маңызды әрі қажетті құрылымдық элементтерінің бірі болуға тиіс.

2017 жылы біздің еліміздің аумағында ресми түрде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің біздің еліміздің аумағындағы Аз байытылған уранның банкі іске қосылды. Бұл Қазақстанның жапай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға және уранды бейбіт мақсатта пайдалануға қосымша қосқан үлесі.

Қазақстан Америка құрама штаттарына, Еуропалық одаққа, Бірлескен араб әмірліктеріне, Кувейтке, Норвегияға және Ядролық қауіпті қысқарту жөніндегі бастама (NTI) ұйымына жобаға қаржылай көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Қазақстан Қытай мен Ресейге аз байытылған уран транзитіне және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Аз байытылған уранның банкіне арналған құрал-жабдықты жеткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Аз байытылған уранның банкі Шығыс Қазақстан облысындағы осындай материалдармен жұмыс істеудің көп жылдық тәжірибесіне ие Үлбі металлургия зауытында орналасқан. Бұдан бұрын зауыт 800 тонна уран гексафторидына ие болған әне оны қауіпсіз пайдаланған.

Азбайытылған уран банкінде 90 тоннадай ядролық отын сақталуда. Бұл Үлбі металлургиялық зауыты жұмыс істеген аз байытылған уран көлемінің мардымсыз бір бөлігі ғана. Кәсіпорын ядролық отынды ұзақ мерзімде сақтау талаптарына, сондай-ақ экологиялық және радиациялық қауіпсіздікке  сәйкес қажетті инфрақұрылымға ие.

Мәртебелі отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі ел президенті Нұрсұлтана Назарбаевтың Ядролық қарауды таратпау туралы келісімнен шығуды аса күрделі ету жөніндегі ұсынысын еске салды. Осы ұсынысты жүзеге асырудың мүмкін әдістерінің бірі – ядролық қарауды таратпау туралы шартты бұзушыларға елеулі зардаптарды қарастыратын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы резолюциясын қабылдау.

«Ядролық қарауды таратпау туралы  келісімнен шығуды күрделендіру қажет, деп санаймын, —

деді мемлекет басшысы 2018 жылғы 19-қаңтарда БҰҰ Қауәпсідік кеңесінде «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы отырысында сөйлеген сөзінде.

— Мысалы, КХДР ядролық қаруға ие болуға ұмтылып отырған елдерді осындай қадамға итермелеуі әбден мүмкін. Ядролық қарауды таратпау туралы келісімге шек келтірмей отырып, Келісімді бұзған елдерге нақты зардаптарды белгілейтін, санкциялық және мәжбүрлеу шараларын қоса алғанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы резолюциясын дайындау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын».

Ресми Астана өзінің ядролық қаруынан өз еркімен бас тартатын, сондай-ақ ядролық қарусыз ел деген мәртебеге ие мемлекеттерді жаппай қырып-жою қаруын сатып алмауға ынталандыру мақсатында ядролық державалар тарпынан берілетін кепілдіктердің заңды тұрғыдан орындалуын міндеттейтін жүйені дайындау қажет деген сенімде.

«Ядролық қаруды таратпау саласындағы тиімді құралдардың бірі – ондай қарудан ада аймақтарды құру болып табылады, —

деп атап өтті Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жоғары деңгейдегі мәрбелі отырысындағы сөйлеген сөзінде.

— Президент Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы осындай аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды және 2019 жылы олардың жоғары деңгейдегі тиісті кездесуін Астанада ұйымдастыруды ұсынды».

Қазақстан Республикасының мәлімдемесінде атап өтілгендей, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің бестігі — АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай — ядролық қарудан ада аймақтарды құруды, оларға қауіпсіздік жөніндегі кепілдіктерді бере отырып, ынтанландырулары керек.

Суретті ҚР Сыртқы істер министрлігі ұсынды

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз