Биыл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) Аэроғарыш комитеті үшін мерейтой жылы. Аталмыш комитет өзінің 25 жылдық мерекесіне қандай жетістіктермен келді? Еліміздің болашақ ғарышкерлері қай жерде және қалай дайындалуда, алда қандай биік белестер тұр? Бұл туралы Аэроғарыш комитетінің төрағасы Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы әңгімелейді.
— Қазғарыш ғарыш саласы мамандарын дайындауға жіті көңіл бөліп, ауқымды да жүйелі жұмыс атқаруда. Бұл жұмыс бірнеше бағыттан тұрады. Атап айтқанда:
— Ал енді осы бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз…
— Бірінші бағыт бойынша ғарыш саласы мамандарын дайындау үшін базалық жоғары оқу орындары ретінде келесі университеттер мен институттар белгіленді:
Қазіргі таңда аталған оқу орындарында ғарыш саласы кадрларын дайындау келесі мамандықтар келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылуда:
ҚР БҒМ мәліметтеріне сәйкес, отандық ЖОО-ларды ғарыш саласы мамандықтары бойынша бітірген түлектердің саны төмендегідей:
ғарыш техникасы мен технологиялары – 80;
Аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты дайындау мақсатында Қазғарыш жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігіне ғарыш саласына қанша маман қажет екендігі туралы ақпарат жіберіп отырады.
Атап айтарлығы, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті арасында ғарыш саласы мамандарын дайындау жөніндегі. Өзара ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылған.
Бұдан бөлек, ынтымақтастық туралы тиісті келісімдер негізінде Қазғарыш қарамағындағы кәсіпорындарда жоғарыда аталған ЖОО-ларымен бірге нақты мақсаттарға арналған кадрларды дайындау бойынша бірлескен жұмыс атқарылуда. Мәселен,
ҒЗТҰО – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
1996 жылдан бастап, Мәскеудегі авиация институтының «Восход» филиалында (Байқоңыр қаласы) Қазақстан азаматтары ғарыш саласы мамандықтары бойынша білім алуда. Осы мақсатқа 2008 жылдап бастап, жыл сайын ҚР БҒМ тарапынан 45 грант бөлініп келеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс аясында 130-дан астам қазақстандық студенттер білім алуда.
ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, осы оқу орнынан білім алып шыққан Қазақстан Республикасы азаматтарының саны төмендегідей:
Бұдан бөлек, ғарыш саласы мамандарын дайындау халықаралық «Болашақ» бағдарламасының аясында да жүзеге асырылуда.
2009 жылдан бастап, жүйелі негізде мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында оқыту семинарлары, ал 2012 жылдан— ғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша шетелдік тағылымдамалар ұйымдастырылуда.
2017 жылдан бастап «Ғарыш саласындағы кадрларды қайта дайындау және кәсіби біліктілігін арттыру» РБП 005 шеңберінде кәсіби біліктілікті көтеруге бағытталған төрт семинар өткізілді. Сөйтіп, ғарыш саласының 66 маманы қажетті білім алып, кәсіби білітілігін шыңдады. Оның ішінде:
Жалпы, қазіргі таңда ғарыш саласының 1378-ден астам маманы кәсіби біліктілікті арттыру курстарында білім алып шықты.
Қазақстандық мамандардың инженерлік дайындығы Англия, Франция және Ресей сияқты мемлекттердің ғарыш орталықтарында жүзеге асырылады. Ол жерлерде біздің мамандар шетелдік әріптестерімен бірге тиісті бағыттар бойынша қажетті тәжірибе жинақтап, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Қазіргі таңда ғарыш аппараттарын жобалау, жинақтау және сынақтан өткізу, байланыстың ғарыш аппараттарын пайдалану және көптеген басқа бағыттар бойынша 153 маман тиісті дайындықтан өтіп қызметін жалғастыруда.
— Сол мамандар қандай курстарда оқып келді?
— Біздің мамандар көптеген бағыттар бойынша біліктілігін шыңдады. Атап айтқанда, ғарыш аппараттарын жобалау тобы (24 адам) Франция және Англия елдерінің кәсіпорындарындағы тағылымдаманы аяқтады.
ДЗЗ ғарыш жүйесін пайдалану тобы (21 адам) Франциядағы екі жылдық тағылымдаманы аяқтады.
Сондай-ақ тағылымдама курстарын ғарыш аппараттарына арналған жинақтаушылардың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру тобы (23 маман) және жинақтау мен сынақтан өткізу тобы (13 специалистов) тәмамдады.
KazSat жобасы шеңберінде байланыстың ғарыш аппараттарын жобалау, жинақтау және сынақтан өткізу жөніндегі 12 қазақстандық инженер және KazSat ғарыш байланысы жүйесін пайдалану жөніндегі 60 қазақстандық маман Ресей кәсіпорындарында (М.В. Хруничев атындағы ғарыш орталығы және «Академик М.Ф. Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйелері» ААҚ) жұмыс істей жүріп, тағылымдамадан өтті.
— Қазіргі таңда басқа салалардағы көптеген басшылар кадрлардың жетіспеушілігіне және олардың кәсіби дайындығының төмен болуына реніш айтып жатады. Сіздердегі жағдай қандай, кадр тапшылығы бар ма?
— 2017 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша, ғарыш саласында 1337 адам еңбек етіп жатыр,
оның ішінде, 22 % ғылым саласында еңбек етсе, инженерлік құрам — 39%, әкімшілік-басқару персонал – 21%, қосалқы қажетті персонал – 18%.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған үш бағыт бойынша дайындалған кадр әлеуеті, яғни, тиісті дайындықтан өткен мамандар саны Қазғарыш қарамағындағы кәсіпорындардың жақын болашақтағы қажеттігін толық қамтамасыз етіп отыр.
Солай десек те,
2018-2022 жылдарға арналған жаңа ғарыш жобаларын жүзеге асыруға 181 маман қажет болады,
Оның ішінде 22 PhD докторы, 50 магистр, қалғандары бакалаврлар мен инженерлік-техникалық мамандар.
Осы мәліметтерді басшылыққа ала отырып,
Ғарыш саласы негізінен PhD докторлары, магистрлар, инженерлер сияқты кәсібилігі жоғары мамандарға мұқтаж, деп айтуға болады.
Мұндай талаптар ғарыш жобаларын жүзеге асыру үшін мамандарды жинақтау кезінде шетелдік әріптестерге де қойылады.