Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуда – сарапшы

111

енді Қазақстан билік тармақтары арасындағы теңгерімді арттыруды, демкоратияны күшейтудің жаңа кезеңіне аяқ басты.

Біз, мексикалықтар, Қазақстанда бар бұл екі қасиет Орталық Азияның алдағы дамуының негізі болып отырғандығын ескерте келе қазақстандықтарға сәттілік пен тұрақтылық тілейміз», – деп атап өтті елші.

Оның сөзінше, Қазақстан Орталық Азияда маңызды геосаяси рөл атқарады және оны БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде ұсынуға мүмкіндігі зор.

«Мен орталықазиялық мемлекеттің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұңғыш рет мүше болып отырғандығын айтып өткім келеді.

Орталық Азия соңғы уақытта әлемдік тәртіптің құрылымын өзгертуде әсіресе маңызды аймаққа айналып отыр.

Мексиканың көзқарасы бейбітшілік пен ядролық қарудан азат өмір мәселесіне келгенде Қазақстанмен сәйкес келеді»,- деді ол.

Қазақстан халықаралық шиеленістерді реттеуде орталық рөлін ойнайды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын Ресей мен Түркия арасындағы шиеленісті реттеу ісіне зор үлес қосты. Жақында ғана Сириядағы жағдайды реттеу мен атысты тоқтатуға қатысты Түркия, Ресей мен Иран өкілдерінің ұйымдастырған кездесуі Астанада өтті.

«Осындай қиын-қыстау жағдайда Қазақстан ұлы державалар мен дамып келе жатқан мемлекеттердің арасындағы тепе-теңдікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады»,-деп жалғастырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз