Алматы облысында өсетін өндіріске арналған қарасораның 600 мың тонна дәнін Голландия сатып алмақшы.
Қазақстанның өндірістік қарасораны өңдеу зауыты тұқымның алғашқы партиясын Еуропаға жөнелтпек деп хабарлады LS басылымы.
Kazhemp компаниясының бас директоры максим Скрынник Голландия мемлекеті өз өнімдеріне тапсырыс беріп отырғанын мәлім етті. Оның айтуынша, қарасора тамақ пен малға арналған азықта пайдаланылады екен.
“Зауыт құрылысы жоспарға сай салынып жатыр. Қазақстан өндірістік қарасораны егетін ТМД-дағы екінші ел. Өткен жылы 50 гектар ексек, биыл оны 600 гектарға жеткізіп, 12 есе көрсеткішке ие болып отырмыз. Алғашқы өнімді біз 2017 жылы күзде өңдей бастаймыз”, – дейді ол.
Қарасораны 4 өңірде егіп көрген. Бірақ Алматы облысы ыңғайсыз екенін танытыпты.