Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақша босану әдісін патенттеп алмақшы

537

Түркістан облысы Шардара қаласының дәрігер-акушерлері арқанның көмегімен босанудың көне әдісін қолданысқа енгізген. Орталық аудандық ауруханада ерекше әдіс көпшілікке көрнекі түрде көрсетіледі.

Толғағы келген келіншек төбеге байланған жіптен ұсталып тұрады. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді,

— дейді дәрігерлер мен босанған әйелдер.

Халықтық әдіспен тууды қайта жандандыру бастамасын Шардара Орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова көтерген.

“Ертеде қазақ әйелдері жерге шаншылған найзаға байланған арқанның көмегімен босанған. Ол шын мәнінде өте тиімді, сондықтан біз оны қайта жаңғыртуды шештік.

Әрине, босану әдісін таңдау әр әйелдің өз еркінде. Кейбір жағдайларда мұндай әдіс қолданылмайды. Алайда, көпшілігі алдын ала дайындықтан өтіп, арқанның көмегімен босануды таңдайды”, — деді Жанар Оспанова.

Осылайша Шардара қаласында 300-ден астам әйел арқанның көмегімен босанған.

Кім жылдам патенттеп алады?

“Әжем анамды осылай босанған екен, – дейді арқанның көмегімен туған әйелдердің бірі. – Бұл біздің дәстүріміз, олар жайдан жай пайда болған жоқ”.

Ұмытылған әдісті шетелдік мамандар шындап зерттеп, тіпті патенттегісі келеді екен. Бірақ шардаралық дәрігерлер шетелдіктерден бұрын өздері патенттеп алатынын айтады.

Айта кету керек, мұндай әдіс қазақстандық орындаушы Батырхан Шүкеновтің “Отан Ана” әніне түсірілген бейнебаянында көрсетілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз