Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қазақша ән жаздырайық десек…”. Данэлия Төлешованың анасы министрге мұңын шақты

144

https://kaz.365info.kz/kimsin-sen-sheteldegi-bajkhauda-khazylar-khazakhstandykh-khyzdyn-ayagyna-zhygyldy-video-288128

Сөйткен министр әншіге ең бірінші кезекте әндерін сақтайтын дүние аса қажет екенін айтып, жеңімпаз бүлдіршінге iPad сыйлады әрі болашағы зор қыздың Балалар Евровидениесіне қатысатынын да айтып қалды.

Ал Дәнелінің анасы: „Қазақша ән орындайық десек, автор таппай жатырмыз„ деп өздерін мазалаған мәселені айтты деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

„… Туған ана тілімізде ән жаздырсақ па дейміз. Өкінішке қарай, бізбен әріптесе жұмыс істейтін автор таппай жатырмыз әзірге„, – деді Елена Төлешова.

Министр әнші қыздың анасына бұл ретте алаңдамай-ақ қоюына кеңес берді.

“Дәнеліге ән жазғысы келетін композиторлар табылады. Оған сенімдімін. Оған Димаштың жайы куә. Студияға қатысты да проблема болмайды, Алматы дей ме, Астана дей ме, айтсаңыздар болды, ол жағынан көмектесіп жібереміз„ – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық 11 жасар Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз