Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Қазақмыс» компаниясының 133 қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

248
Дереккөзі: 1ul.ru

Өткен тәулікте облыста 130 жаңа оқиға тіркелді. Екі негізгі ошақ — Ботақара кенті және «Қазақмыс» филиалының «Нұрқазған» кеніші, деп хабарлайды Zakon.kz. Корпорация қызметкерлерінің арасында 133 адамның вирус жұқтырғаны расталды.

Бұл адамдар өңірдің түрлі аймағында тұрады: Теміртауда — 41 % (54 оқиға), Қарағандыда — 48% (65 оқиға), Бұқар Жырау ауданында — 11% (14 оқиға). «Нұрқазған» бойынша барлық байланыста болғандардың саны — 1115-ке жуық адам, оның ішінде 244 — жақын, 1271 әлеуетті. Кеніштің өзі карантинге жабылды, оның қызметі 1 маусымға дейін тоқтатылды.

—  Басқа қалалар мен аймақтарда тұратын кен орны қызметкерлерімен жұмыс жүргізілуде. Індет анықталған  бір қызметкердің 13-18 мамыр аралығында Жезқазғанда болғаны туралы ақпарат бар, онда туыстарымен отбасылық шараларда байланыста болған. Нәтижесінде туған-туысқандарының ішінен 17 адам жақын қарым-қатынаста болған адамдар ретінде анықталып, олар ауруханаға жатқызылды. 9 адамда қабыну құбылыстары анықталды, олардан талдау алынды, — деп түсіндірді Асқаров.

Санитарлық дәрігер тәуліктік өсім 43,3%-ды құрағанын атап өтті. Мұндай көрсеткіштер карантиндік шектеулерді бәсеңдетуге мүмкіндік бермейді.

Қарағанды облысында барлығы 455 оқиға анықталды, 170 адам емделіп шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз