Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
16
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

«Қазақфильм» келесі жылы бірнеше фильмнің тұсауын кеспек

199

Екінші бөлімін режиссер Асқар Бисембин түсіріп жатыр. Фильм шамамен 2021 жылдың көктемінде жарыққа шығады.

2020 жылдың аяғында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Ұзақ жаңғырық» көркем фильмі көрерменге жол тартады. Картинада поляк жазушысы, Қазақстанға жер аударылған төңкерісші, даланың этнографиялық құндылықтарын жинаған Адольф Янушкевичтің тағдыры сөз болады.

Қазір киностудияда режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» фильмі түсіріліп жатыр. Фильм қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бұлтарыс-қалтарысқа толы тағдырына, шығармашылығына арналған. Фильм келер жылдың аяғына қарай үлкен экранға шығады.

Ал 2020 жылдың қысында А. Каменскийдің «Нұркен Әбдіров. Мәңгілік өмір шыңына» деректі фильмі көрсетіледі. Фильмнің бас кейіпкері – ерлік пен батылдықтың символына айналған қаһарман батыр Нұркен Әбдіров.

Б. Қайырбековтің «Керей жылқысы» қазақ халқының қанаты – жылқыға арналады.

Айта кетейік, 27 қыркүйектен бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірге түсірген «Томирис» фильмі көрсетіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз