Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қазақ журналистері Баянды Жазушылар Одағының хатшысы етуді ұсынды

Серік Жанболат не себепті Есентаеваның Одаққа кіргенін қалайтынын түсіндірді.

“Егер Жазушылар Одағына заманауи пиар керек болса,онда Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдағаннан ұтылмайды. Өйткені, заманауи менеджменттің арбасы алға шықты қазір, PR заңдылықтары орып әкетіп барады. Капитализмнің бастауында отырғандағымыз бұл. Теледидардың төріндегі әншілер – соның қарлығаштары ғана. Алда жанталасып пиар қуалайтын күндер келе жатыр. Өйткені, жарнаманың сондай құдыреті бар. Жарнамасы бар адамның кітабын қуалап жүріп оқимыз әлі.

Ал, өзін қоғамға қояр да қоймай өткізіп отырған адамның бірі – Баян Есентаева. Нарықтың, базардың көзімен қарасақ, ол – феномен. Ал, капитализм Жазушылар одағын айналып өтеді деген заңдылық жоқ. Қазақ тілі де капитал тіліне айналмаған соң – бейшара күйде. Кім өзінің бойында барды капитал тіліне айналдыра алады, соның сөзі – сөз. Өзі – өтімді тауар.

Әрине, менің осы пікірім үшін сіздер мені аямайтындарыңызды білемін. Бірақ, мен мұны Қарл Маркс жазған капиталдың заңдылықтарына сүйеніп айтып отырмын. Мен осыны қалайын, қаламайын, нарықтың қарапайым заңдары менен де, сізден де ештеңені сұрамайды. Кешегі тарихың да керек емес оған. Әдебиет – тауар ол үшін. Бұл дөңгелек бізге дейін де осы механизммен айналған. Солай айналдырады бізді әлі. Қалай бұлқынсақ та біз нарық заңдарымен өмір сүруге мәжбүр боламыз.Ал, нарық заңдарын кім жақсы меңгерді, сол алдымызда жүретін болады. Ал, бұл – факт!” – деп жазды Серік Жанболат Facebook-тегі парақшасында

Ал Махамбет Ерғали Жазушылар үйінің бүгінгі аянышты күйіне жаны ашығандықтан, бастама көтергенін түсіндірді.

“Иә, бұл ұсынысты мен жаздым. Жазушылар одағының бүгінгі мүшкіл халіне жаным ашитыны рас. Мысалы, қараңызшы. Бұл ақпарат тарағалы неше күн болды. Одақ не иә, не жоқ деген емес. Не бір ұстанымын, не позициясын білдірмеді. Одақ бар ма өзі, жоқ па? Бар болса ішінде айлық алып, жұмыс істеп отырған адамдар бар шығар, иә? Құдды бір өлі үй секілді. Дауыстары шықпайды. Тек қиянкесті ұрыстар ғана естіледі. Кеше Мырзан Кенжебай деген сыншы Әкім Таразидің жағасынан алып, жерге ұрыпты. Ауыр сөздер айтты. Осындай айқай-шу ғана оқитынымыз. Одақ деген осындай өсек қана боп кетті”, – деп пікір білдірді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз