Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Қазақ жігіті жүкті қып тастап кеткен конголық әйел аяқ-қолын бауырына алды

Мұны электронды сөздік арқылы жеткізген әңгімесінен түсіндік. Қазір Моника жалғызбасты ана. Қызы Маша осыдан сегіз күн бұрын 3 келі салмақпен дүниеге келді.

Аналар үйін мекендеп отырған тағы бір бұрымдының оқиғасы тіптен қызық. Ол 21 жасқа келіп, енді әріп танып жатыр.

Біз оның есімін көрерменге айтпаймыз деп өзіне уәде еттік! Өйткені, ұялады. Тағдыр тартқызған тауқыметі үшін. Ол қазақ қызы. Әкесін өмірі көрмеген. Ал, анасы, анасы болса арақтың арбауына түсіп, тастап кетті. Жетім қызды кезінде үйінде босанғандықтан, бойжеткеннің бірде-бір құжаты болмаған. Сәйкесінше ел қатарлы білім алудың орнына, көлік жуып, еден сүртіп күнелткен. Ал, 18 жасында жолдасын кезіктіріп, тұрмысқа шықты. Алайда, азаптың көкесі сонда басталған көрінеді.

Осыдан кейін жолдасы оған қоқан-лоқы көрсетуге көшіп, ақыры үйінен қуып шыққан.

«Ата-енемнің сол анаң орыс, көп ішеді. Оқымағансың, артыңнан дүние келмеген, сауатсызсың деп айтады көбісі. Уақыт өткен сайын одан бетер тисе бастады. Сосын ойладым ертең бала тисе бастаған соң, балама да айтады. Оның бәрін балам көтере алмайды деп ойладым», – дейді ол.

Өкініштісі түрлі жағдайда тағдырдың тауқыметін тартып, өздеріне пана іздеп жүрген мұндай қыздардың саны қазір бізде көп. Сәйкесінше кризистік орталықтардың да саны артып келеді. Ел бойынша 18-і бар. Оның өзі аз дейді біріне басшылық ететін Анна Рыль!

«Бізге жыл сайын 300-400 әйел көмекке жүгінеді. Түрлі жағдаймен.Құжат мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық. Біз көбіне қеңес береміз. Себебі бәріне жатар орын қаражат табуға қиналамыз. Сол кезде мемлекеттік «Кризистік орталықтарға» жөнелтуімізге тура келеді» – дейді қоғамдық қор директоры Анна Рыль.

SN.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз