Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
7
USD
424
0.00
EUR
498
0.00
RUB
5.82
0.00

Қазақ-түрік университетінің 100 грантының иегерлері анықталды

Олимпиаданы қорытындылаған университет ректоры, профессор Әбдібеков және университеттің Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті Эрен жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім гранты дипломын табыстады.

Өз білімдерімен оқ бойы озып шыққан 100 грант иегеріне ҰБТ-дан 50 баллдан жоғары жинау шартымен Ахмет Ясауи университетінде тегін білім алу құқығы берілді”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

“Бүгінгі бәсекеден университет грантына ілікпей қалған қатысушыларға да үлкен жеңілдіктер қарастырылып отыр. Егер сіз мемлекеттік грантты иелене алмасаңыз, ҰБТ-да жинаған 50 ұпаймен осы сертификатпен ақылы негізде 25 пайыздық жеңілдікпен білім ала аласыздар”, – деген профессор Әбдібеков барлық жеңімпаздарды құттықтады.

Грант жүлдегерлері білім додасының әділ нәтижесіне ризашылықтарын білдіріп, ерекше қуаныштарын жеткізді. Университеттің жетістіктері мен кампусының салтанатына қаныққан оқушылар, оқу орынның студенті болуды өздеріне мақсат ететіндіктерін де жасырмады.

Айта кетейік, үш айға жалғасқан олимпиаданың І іріктеу кезеңі – online түрде 2017 жылдың 1-4 наурыз күндері өткізіліп, жалпы 6600 оқушы қатысқан болатын. ХҚТУ базасындағы ІІ кезеңге 2351 оқушы өтіп, ақтық білім сайысында 1200 оқушы бақ сынады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз