Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қазақ тілі неге керек?”. Облыс әкімі Болат Бақауов өзіне тағылған сынға жауап берді

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Sputnik Қазақстан тілшісі облыс әкімінен өңірдегі мемлекеттік тіл ахуалын сұрады.

“Өңірдегі тіл ахуалы қандай? Облыстағы тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері осы мәселені жиі көтеріп жүр. Тіпті “облыс басшылығы мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады” деген сын айтылды. Осыған сіз дейсіз?”, — деп сұрады тілші.

“Тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Сіз білесіз, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері халықтың елу пайызын құрайды. Біз біртіндеп осы мәселені шешіп жатырмыз. Өткен жылы мен есеп бергенде, балабақшаларды кілең қазақша жасайық деген ұсыныс енгізгенмін. Ол жұмыспен біз айналысып жүрміз. Жалпы, жұмысты қатаң бақылауға аламыз”, — деп қысқа қайырды облыс басшысы.

https://kaz.365info.kz/bakhauov-siz-khyzykh-ekensiz-til-zhanashyryn-tramvaj-zholyna-zhatuga-ne-mazhbyrledi-280609

Айта кетсек, Абай порталында “Боқауов мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады” деген тақырыппен материал жарық көрген болатын. Керекудегі тіл жанашыры Руза Есенбайтегі өзіне қазақша қызмет көрсетпегені үшін троллейбустың жолына жатып алды. Тіпті, видеосын да әлеуметтік желіге жүктеген. Троллейбус қызметкерлері видеода: „Қазақ тілі неге керек„ дегенге дейін барады. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да мемлекеттік тілге менсінбей қарайтын бұл өңірдің кеудемсоқтығына облыс әкімдігіндегілер кінәлі деп саналады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз