Ислам-әка Каримов дүниеден озып, билікті Шавкат Мирзияев алғалы өзбектің тасы өрге домалады. Аты оза шапты.
Ислам-әканың тұсында Тәшкенге ат басын бұруға зауқы жоқ, өзбектің елден жырақ жүрген бай-бағландары Шавкат таққа отырғалы бері сыртқа тыққан байлықтарын ішке әкеліп, елдің еңсесін, мемлекеттің экономикасын көтеруге атсалыса бастады.
Қарайсың. Қызығасың. Қызғанасың. Біздің де байлар қарындарын қампайта бергенше, осындай игі тірлікпен айналысса ғой деп ойлайсың.
Тіпті, өзбектің спорт саласы да бай-бағландардың назарынан қағыс қалмаған. Соның ішінде, миллиардер Әлішер Османовтың тірлігі таңдай қақтырады. Белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхан өзінің фейсбук-тегі парақшасында өзбек байларының өрелі істеріне қызыға, ал өзіміздің миллионерлеріміздің тірлігіне күйіне былай депті:
https://kaz.365info.kz/eu-khazakh-khajda-barasyn-295480
«Өзекті келіп, ой тебеді…
Біз оған қашан жетеміз?
«Ешқашанда!», – деп бақырады екінші ой.
Біріншісі үнсіз келіседі…
Себебі…
Себеп көп, негізі. Абай неге айқай салды дейсіз! «Біріңді, қазақ…».
Біріңді екіншің дос көре алмайсың… өйткені пенделік қамытты баса кидің…
Таң ата таңдайды қаға жаздап, тамақты кеней беріп… не айтқымыз келді?
Әлішер ака!
«Пахтакорды» түлету үшін өз қалтасынан 100 000 000 доллар суырып беріпті…
Олар сондай…
Қызығуға да болады, қызғануға да…
Қызғанғанда, қайтеміз…
Мәрттік біздің байлардан табыла ма? Осы жақтан игерген мүмкін, «жасаған» ақшасын сенің экономикаңа, экологияңа қия ма? Спортты айтасыз… Әлеуметтік салаға да салмайды…
Өйткені олар, бәлкім, дос емес… Қазаққа!
Тіпті, солардың Қазақты ойлайтынына да күмән бар… станын біледі әрине.. Қазақ-ын ескермеуі мүмкін.
«Байқоңыр» деген команда бар. Бапкері білімді, ойыншылары намыстан жаралған. Қарсы келгендерге мінез көрсетеді. Мықты дейтіндердің мұрнын қанатып жібереді, кейде. Соған бір миллион доллар салшы, қайтер екен футболыңды… Шықты ғой, Сыр елінен Миллиардер..
Ол оны түсіне ме?
Өзге өңірлерден де шығып жатыр… Жібі түзу стадион салып берсе кәні, туған өлкесіне?
Ақтау десе атқылап жатқан мұнай келеді. Көз алдыңа. Өтірік пе?
Сол қаланың «Каспий» деген командасы бар. Кісі есігін жағалаған. Себебі, өз алаңында ойнай алмайды. Стадионы іске алғысыз.. Теңіздің астын емгендер мен үстінен байлық тергендердің бірі болмаса бірі соны ойлады ма?
Дұғада болайық… Жұмада қабыл болады, негізі.. Біздің елдің байлары да табалдырығына тағзым етсін. Әмин!
https://kaz.365info.kz/men-ozgermejmin-deputat-khuanysh-syltanov-amangeldi-ajtalyga-renzhip-khalypty-263812