Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақ отбасы ресейлік тастанды ауылда жалғыздықта өмір сүреді

448

Новосібір облысындағы Маметкино ауылын картадан табу қиынға соғады, алайда  жақында ол туралы Интернетте мыңдаған адам білді. Қараусыз қалған ауылдың аялдамасында адал ит алты ай бойы иесін күтіп жүрген. Итті ауылдағы жалғыз үйдің тұрғындары — қазақтың Байсағұровтар отбасы құтқарды.

Новосібір облысы Чанов ауданындағы Маметкино ауылын қаңырап қалған ауылдардың біріне жатқызады

Бірнеше ғасыр бұрын көшпелі қазақтар қоныс тепкен, бір кездері тіршілігі қайнап жатқан ауылдан бүгінде тек естеліктер қалды. Ағаштан тұрғызылған үйлер қираған күйінде қалған. 20 гектар ауылдың жалғыз тұрғындары зейнеткер Сафарғали Байсағұлов пен оның жұбайының Кеңес өкіметі кезінде салынған тас үйі ғана бүтін күйінде.

Ауыл қалай пайда болды

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары мұнда «Жаңаталап» орталық колхозы, 150-ге жуық аула болған. Тұрғындардың көпшілігі қазақтар болды, олар көшпелі кезеңнен осы жерге тұрақтап, өмір сүре бастады. XX ғасырдың ортасында жақын жатқан аудандардан татарлар қоныс аударды.

«Мұнда менің атам, әкем дүниеге келген. Қыпшақ руының қазақтары өмір сүрді. Павлодарға жақын маңдағы ауыл болғандықтан осы жерге қоныс тепкен.

Новосібірде бірнеше қазақ ауылы болды, біздің ауданда 7 ауыл болды, бірақ тек қана біздің үйіміз қалды. Бәрі көшіп кетті…» — деп әңгімелейді Сафарғали Байсағұров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Сафарғалидің әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері. Жапондықтармен де, финдермен де, немістермен де соғысқан, – дейді ұлы. 1941-42 жылдары Сталинград түбінде тұтқынға түсіп, бес концлагерде болған.

Бұрындары, бала кезде, ақсақалдардың жанына жайғасып, Колчак, Отан туралы небір әңгімелерді тыңдайтын едік, деп еске алады ол. Көбі ұжымдастыру жылдарында, жеке шаруашылықтар колхоздар мен совхоздарға біріктіріле бастағанда жан-жаққа кете бастаған (ұжымдастыру 1928-1937 жылдар аралығында, КСРО — ның батыс бөлігінде-1950 жылға дейін өтті).

Бірі Қазақстанға, бірі Новосібір облысының аудандарына қоныстанды.

Мектепті ертеде жауып тастаған, онда сабақ беретін де ешкім қалмады

Кабель өткізсе де Интернет қосылмады.

Бүгінгі Маметкино

Бірақ мұнда өмір қыз-қыз қайнауда. Ауылда аңшылық шаруашылығы дамыған, Сафарғалидың жұбайы кастелянша болып қызмет етеді. Өмір бойы механизатор-комбайншы болып жұмыс істеп келген ер адам бүгінде зейнеткер, оның міндетіне үй шаруашылығы кіреді.

«Жылқы, сиыр, қой сияқты төрт түлік мал ұстаймыз. Құстарды өте жақсы көремін. Бос уақытымызда туысқандарымызға аудан орталығына қонаққа барамыз. Орташа есеппен 20 минутта жетуге болады», – дейді ол.

Отбасы аудан орталығына азық-түлік алу үшін барып тұрады, бірақ дастарханда негізінен өз өнімдері: сүттен бастап көкөністерге дейін. Қыс жылы, Астанада сияқты жел жоқ, деп қосты ауыл тұрғыны.

«Егер кенеттен боран соқса көшелер тазаланады. Жалпы бәрі жақсы», – дейді ол.

Сафарғалидың екі ұлы Новосібір қаласында тұрады. Үлкені жұмыс істейді, кішісі — студент

«Осында 2-3 жыл өмір сүретін шығармыз, балаларға көмектесуіміз керек. Қалаға баруға болады, жақын жерде үй бар. Мында да техника, мал бар. Күш-қуатымыз барда балаларға аз-кем көмектесіп алайық», – дейді ер адам.

Ұлкенін қазақ салт-дәстүрімен үйлендірдік дейді Сафарғали. Әдет-ғұрып, мәдениет пен тілді сақтап қалдық. Басқаша мүмкін емес, дейді ол.

«Ауданда барлық қазақ мерекелері: Наурыз, Ораза, Құрбан Айт тойланады. Тілді қалай сақтап қалдым дейсіз бе? Аллаға шүкір, есім ауысқан жоқ. Адам ана тілін ұмыта ма? Орталық совхозда, Чанда, аудан орталығында туыстарымыз бар», — дейді Сафарғали қазақ тілінде әңгімесін айтып.

Жақында оған Астана қаласынан туыстары келіп кеткен.

Зейнеткер Маметкинодан Қазақстанға қоныс аударғысы келмейді.

«Онда мен не істеймін? Барлық ата-бабам осында өмір сүрді. Қазақстанда туыстарым бар, аман болсын. Өткен жылы Павлодарға барғанмын. Алматыда болмағаныма 10 жыл болған шығар», – дейді ауыл тұрғыны.

Жұртты тебіренткен видео

2018 жылдың шілдесінде Сафарғали аялдаманы айналып жүгіріп жүрген итті байқайды. Оны иелері тастап кеткен болса керек.

Сафарғали итке тамақ беріп, күтіп-баптауға кіріседі, жақын маңдағы аудан тұрғындары да нан, ет, сүт сияқты тағамдарды таситын болған. Кейбірі итті өзіне алып кетуге де тырысқан,

алайда ит жанына ешкімді жуытпай, өз иесін ғана күткен…

«Жазда шөп шабу кезінде тастап кетіпті. Жол жөнекей адамдар тамақ беріп жүрді, мен де. Үйшік жасап бердік. Мұнда қалай тап болғаны белгісіз. Тастап кетті ме, әлде көз жазып қалды ма, білмеймін», — дейді Сафарғали.

Жарты жыл өтті. Маметкинолық Хатико оған мыңдаған адам тілекші екенінен бейхабар. Ұзақ жалғыздықтан кейін итті Новосібір еріктілері асырап алды. Ал алғыз үйі бар Маметкино ауылы Ресейге ғана емес, шетелдіктерге де танымал болды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз